Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Қазақ тілі

Қ.Р-ның техногенезді даму проблемалары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қ.Р-ның техногенезді даму проблемалары слайд,презентация

 

 

 

 

Бүгінгі таңда саналы тіршілік иелерін ғаламдық деңгейде алаңдататын өзекті жəйттің бірі - қоршаған ортаны қорғау мəселесі. адамдардың салғырттығы мен бейқамдығынан бастау алған экологиялық күрделі ахуалды табиғи қалпына қайыра түсіру осы саладағы ғалымдар мен мамандары соңғы жылдары терең толғандырып келеді. Өндірістің дамуы мен өнеркəсіп орындарының ұлғаюы, техниканы пайдаланушылар санының өсуі секілді өркениет үрдісімен үндес шаруалар екінші жағынан табиғатты тамылжыған күйде қалдыруға кері əсерін тигізуде. 
Экологиялық апат мəселесі қазір бар əлемді толғандырып отыр. Балқаш тағдыры алаңдатқалы да жылыстап жылдар ауысты. 2000 жылы Алматыда өткен үлкен форум да, одан кейін Балқашта өткен Парламент мəжілісінің бір топ депутаттары мен табиғат қорғау мамандарынан құралған көшпелі мəжіліс те, жалпы қаладағы табиғат жанашырларының бірлестік ұйымдары да бұл мəселені жан-жақты терең талқылап, саралап келеді. Уақыт алмасқан сайын адам қолымен “екінші табиғат” (өндірістік өркениет деген мағынада) жасалып, алға қарыштап қадам басқан сайын жаңа қиындықтар мен шешімі түйткілді мəселелер көбейе береді.


Каратал, Лепсі, Ақсу өзеңдерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. 
Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Саркаңд және Баскан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа кұймайды.
1970 жылы Қапшағай су қоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырган Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле-Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-га азайды. 
Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды.
     Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр.
1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы '''Іле-Балқаш''' алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin (03.04.2015)
Просмотров: 479 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]