|
загрузка...
Қазақ – Жоңғар соғыстары слайд,презентация

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.
2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
3.Жоңғар мемлекетінің күйреуі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.
1635 жылы Монғол мемлекетінің 2-ге бөлінуінен Жоңғар мемлекеті құрылды.Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653).
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес XV ғ. бастап басталды.
1643 ж. Жазында қазақ қолын Жәңгір мен Жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында Орбұлақ шайқасы өтті. Осы шайқаста бар жоғы 600 қазақ қолы жоңғардың 50 мың қолына төтеп берді. Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартсын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткеншетаудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырды. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған Ор-бекінісіне шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырды. Осы кезде Самарқаннан алшын жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 иыңнан аса адамынан айырылып күйрей жеңілген жоңғарлар кейін шегінді.

Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|