Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Өнегелі жыныстық тәрбие слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Өнегелі жыныстық тәрбие слайд,презентация

 

 

Жастарға өнегелі жыныс тәрбие беру жалпы тәрбие берудің көрнекті бөлігі. Бұл өз алдына бөлек зерттелетін үлкен және маңызды проблемалардың бірі. Бұл маңызды жұмыс әрқашанда балалардың жас ерекшелігіне қарай жүргізіліп отыруы тиіс. «Рухани таза болсаң, денең де таза болады» – деген қағиданы ұстану қажет. Өнегелі жыныс тәрбиесі жергілікті аймақтың құқықтық, мәдени-этикалық ерекшеліктерін ескере отырып беріледі. Өнегелі жыныс тәрбиесі сәбидің туған сәтінен басталып, үздіксіз жүргізіліп отырады.Бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер (Sрігоһеtа) микроскоппен ғана көруге болады. Сырт пішіні — штопырға ұқсас бұралып келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі болмасын барлығын жұқтырады. Денені қызарады, жара пайда болып кейіннен іріндейді.Біраз уақыт өткеннен кейін (6 аптадан 1 жылға дейін), де-ненің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткені ауырмайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды. Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ қы-рылдап қалады», адамның басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына төтенше құбылыстар туғызуы сезсіз. Сал ауруы (паралич), көзі көрмей соқыр болып қалуы, құлағы естімей саңырау болып қалуы, адам есінен мүлдем айрылып кетуі, тіршілік дүниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилисті емдеу үшін ең кең қолданылатын дәрінің бірі антибиотик — пенициллин. Сифилис жүкгі анадан туылатын балаға тарауы сөзсіз. Ол ауру болып туады. Сүйектері кемтар болып дүниеге келеді.

 

  

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: kukadaa10 (21.11.2016)
Просмотров: 23 | Теги: презентация, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]