Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Физика

Күш моменті слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Күш моменті слайд,презентация

 

Күш моменті

 

Оқыту мақсаты: тепе-теңдік жағдайда тұрған дене үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау; күш моментінің формуласын қолдана отырып есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Күш моментіне анықтама беру, айналатын деннің тепе-теңдік шартын түсіндіру; иінді таразылардың қолданылуы
Сабақтың тілдік мақсаты: күш иіні-shoulder strength, күш моменті-moment of force, тірек нүктесі-fulcrum, моменттер ережесі-Prahl moments, иінді таразылар-scales, рычаг-lever, блок-block, айналатын денелердің тепе-теңдік шарты-condition of equilibrium of a rotating body
Өткен сабақ материалдары: жай механизмдер, иіндік,блок, көлбеу жазықтық, механиканың алтын ережесі
Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын анықтау үшін күш моменті деген ұғым енгізіледі.
Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегеінде айнала алатын кез келген дене иіндік деп аталады.
Видео 
Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін тіреу нүктесі деп атайды. Тіреу нүктесінен иіндікке әрекет ететін күш орналасқан түзуге жүргізілген АО немесе ВО перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды.
Сонымен моменттер ережесі деп аталатын мынадай тәжірбиелік қорытынды туындайды: айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек.  

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Физика | Добавил: Admin (28.04.2016)
Просмотров: 562 | Теги: күш, Физика, презентация, Күш моменті, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]