Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Клондау слайд қазақша слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Клондау слайд қазақша слайд,презентация

 

Клондау

 

I.Кіріспе.
Жыныссыз  көбею
II.Негізгі бөлім.
а)Клондау жөнінде әртүрлі ойлар;
ә)ДНҚ фрагменттерін клондау;
б)Адамды клондау
в)Клондаудың зияны мен пайдасы;
г)Адамды клондаудың этикалық және құқықтық проблемалары;
ғ)Клондаудың алдына қойған мақсаты;
д)Клондаудың хронологиясы;
III.Қорытынды.
Клондаған жануарлардың бақытсыздықтары.
Пайдаланған әдебиеттер.
    Көбеюге қабілеттілік – тірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Көбеюге байланысты генетикалық материалдың ата-аналарынан ұрпақтарына берілетіні айтылды. Бұл кезде сол түр особьтарына тән белгілер ғана емес, сондай–ақ тек ата-аналарының өздеріне тән айқын белгілер де жарыққа шығады. Көбеюдің үлкен биологиялық мәні бар. Ол белгілі бір организм түрінің ұрпақ алмастыруын жүзеге асыруымен қатар,ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, жалпы тіршіліктің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Тірі табиғатта көбеюдің негізгі екі әдісін ажыратады: жынысты және жыныссыз.      
Жынысты көбею дегеніміз – аналық жұмыртқа клеткасы мен аталық сперматозоидтың қосылуынан болатын көбею түрі.Соның нәтижесінде зигота пайда болады.
Жыныссыз көбею.  Жыныссыз көбею кезінде ұрпақ тек бір особьтың бір немесе бірнеше соматикалық клеткаларынан дамып жетіледі. Мұның нәтижесінде бір-біріне айна-қатесіз ұқсас, біркелкі особьтар түзіледі. Оларды клон  деп атайды. Кездейсоқ мутациялардың әсерінен бір клондағы особьтар әр-түрлі генетикалық өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Мұндай өзгерістердің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалауы түрдің өзгергіштігіне және эволюцияға сәйкес болады. 
Клондау(грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. 20 ғ-дың 60-жылдарының басында кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды Клондау әдістері жете зерттелді. Клондау туралы алғашқы мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды. Кейінірек Ұлыбританияның Оксфорд университетінің ғалымы Д.Гердон (1933 ж. т.) алғаш рет жануар омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. Ол өзінің ядросы алдын ала ультракүлгін сәулелері арқылы жойылған құрбақаның жұмыртқаклеткасына, ішек клеткаларынан алынған ядроны егу (қондыру) арқылы әуелі итбалықты, соңынан сол ядро алған құрбақаға ұқсас дарабасты алды. Бұл тәжірибелер тек дифференциалданған (арнайы) клеткаларда организмнің дамуына қажетті барлық ақпараттардың болатынын дәлелдеп қана қоймай, сондай-ақ, жоғары сатыдағы организмдерді, соның ішінде адамды да, Клондауға болатынын көрсетті. Клондау арқылы өте пайдалы өсімдік сорттарын алуға және мал тұқымын асылдандыруға болады. Бірақ Клондаудың мұндай әдістері (өсімдік сорттары мен асыл тұқымды мал алатын) адамдарға қолдануға келмейді. Теориялық түрде әйелдің де, еркектің де генетикалық көшірмелерін жасауға болады. Бірақ клондалатын клетка даму сатысының барлық кезеңдерінен өтуі керек, міне, сол кезде клеткаға сыртқы ортаның қалай әсер ететіні әлі толық анықталған жоқ.
    Ағзалады клондау туралы көптеген  қарама-қайшылықтар мен дискуссиялар болып,сонымен қоймай бұл тақырып туралы әртүрлі кинолар үлгі бола алады(«Парк Юрского периода» «Секретные материалы» «Пришельцы» «Клон»және т.б).Клондау туралы әртүрлі ғалымдар өз ойын айтып кеткен : 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (17.03.2016)
Просмотров: 930 | Теги: презентация, Клондау слайд қазақша, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]