Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әлеуметтану

Жастар саясаты туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жастар саясаты туралы слайд,презентация

 

Жастар саясаты

 

Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты 
Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.
Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.
«Қазақстан жастары» 2005-2007 жылдар аралығындағы жастар саясатына арналған бағдарламада мемлекеттік бюджеттен 3,8 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл көршілес Қырғызстанмен салыстырғанда 7 есеге асып түседі [23].
Көршілес Өзбекстан Республикасында атышулы жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу түгілі, мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсудің өзі қат мәселе. Коледждер саны шектеулі. Ал бізде ше? Грантта бағын жанбаса ақылы негізде білім алуға мол мүмкіндік бар. Ол мүмкіндік егер үздік оқуынмен көзге түссен мемлекет тарапынан бөлінген гранттар мен несиелердің иегері болуға да жағдай жасалуда.
Көрші Ресей Федерациясында 1 тамыз 2007 жылы шәкіртақы көлемінің өсуі 1,25 есені көрсетті. Бізбен салыстыратын болса, тек қана былтырғы жылдың өзінде мемлекетімізде Елбасы қолдауымен магистранттарға 3 есеге ұлғайтылған шәкіртақы тағайындалған болатын. Ресей Федерациясының 2008-2010 жылдарға арналған 3 жылғы мемлекеттік бюджетінде білім беруге қаражат небәрі 19 пайызға ғана көтерілмек, оның ішінде 2009 – 9,5 пайызды құрайды екен.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры біраз жыл Бектас Мұхамеджанов болды.
Еліміздің тұңғыш Президенті қорының мақсаты мен міндеттеріне тоқталсақ:
— Қор қызметінің негізгі мақсаты — Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, отансүйгіштікті қалыптастыруға, қоғамымыздың әрі қарай демократияландырылуына, еліміздің мәдени, экономикалық және саяси саладағы халықаралық байланыстарының одан әрі дамуына атсалысу.
Қазақстанның ішкі саясаты мен халықаралық аренада жеткен жетістіктерін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Н.Ә.Назарбаев жаңа қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына, халықтар достығын нығайтуға, еуропалық және азиялық мәдени байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастардың үйлесімді дамуына үлкен үлес қосты. Міне, осы тұрғыдан алғанда, еліміздің тұңғыш Президентінің әлемдік деңгейдегі саясаткер ретіндегі тұлғасын ашып көрсету, оның сан қырлы қызметін ғылыми тұрғыда сараптау және насихаттау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру қордың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бүгінде қор тарапынан сан-салалы жұмыстар қолға алынып, атқарылған шаралар аз емес. Атап айтқанда, 2011 жылы мамыр айында Қазақстанның, Ресей, Қытай, АҚШ, Израиль, Үндістан, Германия және т.б. елдердің ғалымдары, қоғам қайраткерлері, саяси және іскер топтарының өкілдері қатысуымен Парламент үйінде «Н.Назарбаевтың еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыстың сұхбаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Осы ғылыми жиынның жұмыс қорытындылары бойынша еуразиялық интеграцияның тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар дүниеге келді. Конференция материалдарына арналып жинақ әзірленді

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану | Добавил: Admin (16.04.2016)
Просмотров: 1175 | Теги: Әлеуметтану, презентация, саясат, Жастар саясаты туралы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]