Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Ғұндар туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ғұндар туралы слайд,презентация

 

Ғұндар

 

 Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында “Ғұн” деген атпен тайпа одағы қалыптаса бастады. Қытайлар хунну, кейде сюнну деп атаған бұл тайпалар “халықтардың Ұлы қоныс аударуы” дәуірінде белгілі болды.
Ғұн мемлекетінің өрлеуі б.з.б. ІІІ ғасыр Тұман шаньюдің (патша) ұлы Мөденің атымен байланысты. Тұманның тұсында ғұндар бірқатар жерлерінен айырылады, көрші елдермен көп соғысады. Аңыздарға қарағанда, Тұман шаньюй әлдебір себептерге байланысты өзінің ұлы Мөдені тақ мұрагерінен айырған екен.  
Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті. 
Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (06.04.2016)
Просмотров: 405 | Теги: презентация, тарих, Ғұндар туралы, Ғұндар, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]