Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әлеуметтану

Білім әлеуметтануы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Білім әлеуметтануы слайд,презентация

 

Білім әлеуметтануы

 

Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми 
пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеуде пайдалануға келмейтін өзіндік әртүрлі ұғымдары бар. Мұндағы ала - құлалы көбіне-көп теориялық педагогиканың ұзақ уақыт бойы әлеуметтік ғылымдар жүйесінің тізіміне кірмеген категориялық аппараты мен тұжырымдамаларының ықпалымен байланысты болды. Бұл әсіресе ен алдымен дәстүрлі педагогикалық «білім» және «тәрбие» ұғымдарын түсіндіруге катысты мәселе.
Әлеуметтануда мейлінше толығырақ қарастырылған «әлеуметтенді ру» категориясы «білім» ұғымымен салыстырғанда бірінші орындағы ұғым болып табылады. Әлеуметтенді ру үрдісі кездейсоқ және мақсатты бағытталған екі негізгі формада жүзеге асады. Білім бұл әлеуметтану тұрғысынан жалпылама түрде алғанда тұлғаның мақсатты даму саласы ретінде айқындалған, ондағы әлеуметтенді ру үрдістері тәртіпке келтірілген форманы, коғамдық маңызы бар стандарт пен бағыт-бағдарды иемденеді. 
Формалар білім үрдістерінің институттық табиғатын және әлеуметтік ұғымдығын көрсетеді. Білімдерде, құндылықтарда,нормаларда және кызмет тәсілдерінде 
жүзеге асатын стандарттар білім мазмұнына айналады. Білімнің болашақтағы нәтижелеріоның нысаналары болыпшығады, олар нақты 
әлеуметтік рөлдерден көрініс табады. Онда адам мақсатты әлеуметтендіруүрдісіне 
дайындалады, сонымен катар,
мысалы, кәсіби білім құрылымында мамандар дайындалып шығарылады.
Бір мезгілде алуан түрлі әлеуметтік институттар — мектеп,
 отбасы, бұқаралық ақпарат құралдары және басқалары
 әрекет ететін білім саласы шартты түрде екі салаға - формальды 
білімге және формальды емес білімге бөлінеді. Бұдан әрі білім беруді 
әлеуметтанулық талдау оның институттен, әлеуметтік мазмұны, 
ұйымдастырылуы және функциялары мәселелеріне назар аударуды талап етеді.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану | Добавил: Admin (02.04.2016)
Просмотров: 987 | Теги: Әлеуметтану, презентация, Білім әлеуметтануы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]