Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әлеуметтану

Билік-саяси феномен слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Билік-саяси феномен слайд,презентация

 

 

Жоспар:
1. Саяси билік түсінігі, ғылыми анықтамалары және белгілері. 2. Саяси биліктің қайнар көздері, рессурстары және ерекшеліктері мен қасиеттері 3. Саяси биліктің легитимділігі және билік бөліну прнциптері
Қоғамдағы саяси саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың ең өзекті мәселелерінің бірі және саяси ғылымның негізгі зерттеу пәні болып есептеледі.
Билік әрқашанда жалпыға бірдей үміттену, дәмелену объектісі болған. Ол адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Оның қажеттілігі туралы ертедегі грек ойшылдары айта бастаған. Биліктің қажеттілігі:
1) Адамдардың әр кезде, барлық жағдайда өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін.
2) Қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін қоғамдық ережелерді бекіту үшін.
3) Қоғамдағы шаруашылық қызметін атқару үшін қажет.
Билік ұғымы саяси ғылыми әдебиеттерде әр түрлі жағынан түсіндіріледі. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мысалы, философтар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы. Социологтар әлеуметтік билік, экономистер шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар адамның өзіне деген билік, ата-аналар отбасы билігі туралы айтады.
Сонымен қатар құқық атқарушы және заң биліктері туралы түсініктер да бар.
Қазіргі саяси ғылым әдебиеттерде биліктің 5 анықтамасы кездеседі:
1. Бихевиористік анықтама бойынша билік бір адамның басқа адамның мінез-құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген ерекше мінез-құлық деп түсіндіріледі.
2. Телеологиялық анықтамада — билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің амалы дегенді білдіреді.
3. Инструменталистік анықтама бойынша — билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.
4. Структуралистік анықтамада — билік басқарушылар мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.
5. Конфликттік анықтама бойынша қоғамдағы игіліктерді даулы жағдайларды бөлісу, үйлестіру, құрастыру амалдары ретінде түсіндіріледі.
Жалпы алғанда билік дегеніміз  қоғамдағы тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б.субъектілердің тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.
Қазіргі саяси ғылыми әдебиеттерде кеңінен белгілі Саймон деген американ саясаттанушының билік туралы пікірі таралған. Ол билікті былай деп түсінген «егер «В-ның» мінез- құлқын «А» өз талаптарына бағындыра білсе, онда «В-ның» үстінен «А» билік жүргізеді».
Сонымен, билік барлық ғылыми анықтамаларда адамдардың өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.
Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі бөлшектердің болуы шарт:  1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек.  2. Билікті жүзеге асыру үшін оған бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі басқарушының бұйрығы болуы тиіс. 3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.
Сонымен, саяси билік деп қоғамдағы адамдардың, не сол адамдардан құрылатын әр түрлі әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс-әрекетінің бағытына, сипатына және мінез-құлқына экономикалық, идеологиялық т.б.  механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мұмкіндік.
Биліктің мәні оның көріністері арқылы белгіленеді — ол: басшылық, үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда билік-әлеуметтік түрлерді іске асыру құралы да болалады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану | Добавил: Admin (02.04.2016)
Просмотров: 1364 | Теги: Әлеуметтану, презентация, билік, Билік-саяси феномен, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]