Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Экология

Ауыз су слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ауыз су слайд,презентация

 

Ауыз су

 

Су организмнің маңызды құрамдас бөлігі. Тірі организмдерде барлық химиялық реакциялар су арқылы ғана өтеді.Тұз алмасу су алмасумен тығыз байланысты.
Су зат алмасу реакцияларының белсенді қатысушысы. Ересек адамда су мөлшері оның дене салмағының 2/3(58-67%) құрайды.Адам организмнінің кейбір ұлпалары (бауыр, ми, тері) өз салмағының 70%  су құрайды, басқалары (бұлшық ет, жүрек) — одан артығырақ — 76 – 80% құрайды. Қан 83% су ұстайды, басқа биологиялық  сұйықтар (зәр, сілекей, тер) -95-99% жақын, лимфа — 90%, асқазан шырыны – 99,5 % судан тұрады.
Дүниежүзілік су қорының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Су экожүйесінің ластануы түрліше жолмен жүзеге асады. Қазіргі кездегі су айдындарының ластануын былайша топтастырады:
—         биологиялық ластану: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер мен бактериялар;
—         химиялық ластану: уытты заттар және сулы ортаның табиғи құрамын бұзатындар;
—         физикалық ластану: жылуөқызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.
Жер бетіндегі судың жалпы мөлшері 14 млн км3 шамасында. Бірақ  қолданыста жарамды тұщы сулардың стационарлық қоры гидросфераның 0,3%  көлемін ғана алып отыр.
Біздің жер шарымызда су үнемі айналымда болады.Дүние жүзі мұхиттарының бетіне жылына шамамен 412 мың м3 су буланады, ал оларға қайта түсетін жауын-шашын жылдық мөлшері 310 мың км3 шамасында болады.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұжымының мәліметтері бойынша күнделікті өмірде пайдаланатын ас суы сапасының төмен болуы салдарынан  жыл сайын 5 млн адам өліп отырады.
Қазақстан Республикассының су пайдалану мәселелері 2003 жылғы 9шілдеде қабылданған су кодексімен реттеледі. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдардың сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзіреттерін айқындау мақсатында әзірленген «ҚР Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң» жобасы 2009 жылы 2 қыркүйекте қабылданды. Бұл құжаттар бізге қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық  негіздерін қалыптастыруға және экология мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік берді.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin (30.03.2016)
Просмотров: 699 | Теги: презентация, география, ауыз су, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]