Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Әлеуметтік сөз әдебі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Әлеуметтік сөз әдебі слайд,презентация

 

Әлеуметтік сөз әдебі

 

   Сөз әдебі - тіл қатудың, сөз жұмсаудың қоғам қабылдаған, жұртшылық ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен тәртібі.
 Тіл қатудың тәртібі қарым-қатынас жағдайына қарай жұмсалатын арнайы сөздер мен тұрақты сөз орамдарының жүйесі арқылы жүзеге асады.
Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынаста сөз бейресми болғанымен оның өзіне тән әдебі болады және олар бірнеше түрге бөлінеді. Оның басты бірі - сәлемдесу. Қазақта «сәлем – сөздің анасы» деген аталы сөз бар. Адамның бір-біріне лебіз білдіруі сәлемдесуден басталады. 
Қоғам мүшелерінің арасындағы әрбір қарым-қатынас жағдайын қамтамасыз ететін тілдік құралдар ақылы жүзеге асады. Қоғам мүшелерінің арасындағы әрбір қатынас жағдайын қамтамасыз ететін тілдік құралдар және олардың синрнимдік қатарлары болады.Тілдесуші жақтардың білім, тәрбие деңгейін, мекенін, жыныс, жас айырмасын тұрақты, тұрақты емес т.б әлеуметтік рөлдеріне тән белгілерін есепке алып отыру cөз әдебінің әлеуметтік қырлары болып табылады.
Құрылымдық және функционалдық қасиеті
Сөз әдебінің өзіне тән лингвистикалық табиғаты олардың құрылымдық және функционалдық қасиетіне тығыз байланысты. Сөз әдебінің бірліктері таңбалары - байланыс жасау мақсатында тыңдаушы жаққа берілген белгі, олай болса, бұл белгі коммуникативтік бірлікке жатады. Ал кез келген коммуникативтік бірліктің предикативтік мазмұны (жақ, шақ,рай т.б) болуға тиіс.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (14.04.2016)
Просмотров: 259 | Теги: презентация, Әлеуметтік сөз әдебі, әдебиет, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]