Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Зергерлік бұйымдар
20:13
Зергерлік бұйымдар

Күні:
Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Зергерлік бұйымдар
Мақсаты:      1.Балаларға ермексазды пайдаланып,зергерлік бұйымдардың ішінде білезіктерді  мүсіндеп үйрету.
2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:   Зергерлік бұйымдар бейнеленген сурет.
Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Ермексаздан зергерлік бұйымдардың ішінен білезікті мүсіндеп  үйренеміз.
V Жаңа сабақ
Тақпақ: Білесің бе бұл істі
Зергерлікке кім дайын?
Балқытып ап күмісті
Сапырады судайын
Осы жұмыс ырғағы,
Білезік пен алқаны
Сақинаны сырғаны
Күміс сымнан тартады.
 Ермексаздан білезіктің жасалу жолы түсіндіреді.0     

Сергіту сәті:Бойымызды ұзартып
                      Биікке қол созайық
                      Бармақ басын қозғалтып
                       Беске жұмыс жасайық.

VI Пысықтау
-Қандай зергерлік бұйымдарды білесің?
-Зергерлік бұйымды неден жасайды?

VII Бекіту
Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен білезіктің мүсінін жасайды.

VIII Бағалау
            Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 245 | Добавил: Admin | Теги: Зергерлік бұйымдар, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]