Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 27.7.2017
Главная » 2016 » Декабрь » 3 » Ұшады - ұшпайды балабақша ойындары
16:47
Ұшады - ұшпайды балабақша ойындары

Ұшады - ұшпайды

 

Білім беру саласы: «Қатынас» 
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту 
Тақырыбы: Ұшады - ұшпайды 
Мақсаты: заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге үйрету. Табиғатта ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа баулу. 
Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері, дорбаға салынған ойыншықтар. 
Сөздік жұмыс: қаз, үйрек. 
Әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің іс-әректі    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы    Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып: 
Орнымыздан тұрамыз, 
Алақанды соғамыз, 
Жоғары-төмен қараймыз, 
Топылдатып басамыз- дей отырып, қимыл-қозғалыстар жасату. 
    
Балалар айтады
Іздену-ұйымдастырушы    Үй құстарының суретін көрсетіп, олардың аттарын айтады, қайталатқызады. 
-Бұлар- үй құстары. Себебі оларды адамдар күтеді, бағады. Олардың жұмыртқасы, еті- тағам, жүнін жастыққа салады. 
-Әтеш қандай? 
 
-Тауықтың түсі қандай? 
 
-Қаздың түсі қандай?
 
 
Қаз туралы өлең оқиды. 
 
-Қазым, қазым қаңқылда, 
Суда жүзіп салқында! 
Жем шашайын жейсің бе? 
Кәмпит берші дейсің бе? 
-Жоқ, жоқ! 
Кәмпит тәтті болмайды, ас 
Арпа менен бидай шаш! 
«Ұшады- ұшпайды» дидактикалық ойыны: 
Шарты: педагог дорбаға салынған ойыншықтарды үстел үстіне шашып қояды. Ішінен біреуін алып: 
-Ұшады- ұшпайды?- дейді. 
Сергіту сәті 
Орнымыздан тұрамыз, 
Қолымызды жаямыз. 
Құстарға ұқсап, 
Ұшып-ұшып аламыз. 
Қаз, үйрек сөздерін айтқыздырып, үйретеді. 
1. «Топтастыр» дидактикалық ойыны. 
2. «Не ұшпайды?» тапсырмасын орындау. Суреттен ұшатын, ұшпайтын заттарды ажыратып, аттарын ататқызу. -Қуыршақ ұшпайды,- деп қолдарын көтермейді. 
– Торғай ұшады, деп қолдарын көтереді. 
Қимыл-қозғалыстар жасайды. 
Ойыншықтарды бөлек, құстарды бір бөлек топтастырады. 
-Үй ұшпайды.     

Балалар суретке қызыға қарап, тәрбиешіні тыңдап, қайталайды. 

Балалар сұрақтарға жарыса жауап береді. 

Балалар қызығып тыңдайды.

 Балалар қызығып ойнайды.
Рефлексті - коррекциялаушы    Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білмдерін бекітеді. 
Мадақтау
-Жарайсындар менім балаларым,өте жақсы тілалғыш бала болып өсіп келе жатыр.
Балаларға жұлдызша тарату.

Балалар келген қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже: 
Біледі: табиғатта ұшатын, ұшпайтынын; 
Игереді: ұшатын, ұшпайтын заттарды топтастыруды; 
Меңгереді: үй құстарының аттарын. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 365 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, ойындары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]