Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 23.8.2017
Главная » 2016 » Декабрь » 3 » Ұқсасын тап балабақша ойындары
16:25
Ұқсасын тап балабақша ойындары

Ұқсасын тап

 

Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
 «Жұлдыз» балабақшасы
І –ші кіші топ  тәрбиешісі: Матчанова Г.Ғ
Білім саласы: Таным
ҰОІӘ: Сенсорика 
Тақырыбы:  «Ұқсасын тап »
Сабақтың мақсаты:  Балаларды заттың түстері мен пішіндерін ажырата білуге үйрету. Саусақ моторикасы арқылы ақыл ойын дамыту. Жаңа жыл мерекесін еске түсіріп, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Балаларды сүйіспеншілікке, қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:  көрсету, түсіндіру, ойын тәсілдері, қызықты сәт, мадақтау.
Көрнекіліктер: лента ,сары- қызыл түсті геометрилық пішіндер.
Тәрбиеші: Саламатсыздар ма Балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Қане бәріміз шеңбер құрып, қонақтармен амандасып алайық. 
Балалар: 
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бізге келген қонақпен
Амандасып аламыз
Салем, салем, салем!

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар Балалар! 
Ұйымдастыру сәті:
-    Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
-    Қыс мезгілі
-    Ауа- райында қандай өзгерістер бар?
-    Қыста  күн суық, далада қар жауады.
-    Ал қыс мезгілінде қандай мерекені тойладық? (Балалармен жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелесу).
Қызықты сәт:  Кенет телефон шырылдайды. 
Тәрбиеші:
-     Ало, саламатсыз ба? 
-    Бұл кім екен?
-    А-а-а Түлкі сен бе?
-    Сен неге жылап түрсың?
-    Саған көмек керек пе?
-     Мұңай ма қазір біз саған көмекке барамыз.
Балалар  ормандағы түлкіге біздің көмегіміз керек болып жатыр. 
Оның  жаңа жылдық шыршасының безендіріп қойған моншақтарын мыстан кемпір үзіп кетіпті . Соған жылап  бізді көмекке шақырып отыр.  Түлкіге көмекке барамызба?
Балалар: Ия , барамыз
Тәрбиеші: Ендеше біздер тездетіп , орманға жетуіміз керек.
Ендеше сапқа тұрып бір біріміздің қолымыздан ұстап ,көзіміздіжұмайық . 
(Балалар орманға келеді, шыршаның түбінде  түлкі жылап отырады. )
Түлкі: Балалар меніңшыршамның ілетін моншақтарын үзіп кетті. Енді менің шыршам әдемі болмай қалды. (Тәрбиеші үзілген моншақтарды балаларға көрсетіп, пішінін,түсін сұрайды. )
Тәрбиеші: балалар бізде мұнда моншақтар оқ. Енді не істесек екен? 
Таптым , таптым балалар. Мұндай     моншақтарды табу үшін сиқыршы ғана көмектесе алады. Мен сиқыршыны шақырайын.
Ал балалар біз мына тапсырманы орындамасақ. Сиқыршы келмейді.(тәрбиеші  тапсырма береді, тапсырманы орындағаннан кейін сиқыршы келеді ).
Сиқыршы: Балалар, саламатсыздар ма? Мені неге шақырдыңыздар? (тәрбиеші түлкінің жағдайын айтып түсіндіреді.) 
Жарайды мен сендерге көмектесейін, бірақ менің бір шартым бар. Мен сиқыр жасамас бұрын , мен сергіп билеп алуым керек.
Сегіту сәті:
Би билегім келеді.
Бірақ қалай бастайын
Бір оңға , бір солға
Өзін өзі айнала.
Сиқыршы сиқырын қолданып , сиқырлы қобдишаны алып шығады. Қобдишаның ішінде  дөңгелек және төрт бұрыш пішінді моншақтың бөліктері болады. 
Тәрбиеші : Балалар, қараңдаршы  мына қобдишаның ішіндегі дөңгелек және төртбұрыш пішінді бөліктерді түсіне қарай ілгектерібар моншақтарға тағайықшы. (балалар қобдишадан шыққан пішіндерді сәйкестендіріп,  ленадағы ілгектерге тағады ). Жеке шақырып таққызу.
Тәрбиеші: Балалар міне біздің моншағымыз дайын болды, енді түлкіге сыйлайық.
Түлкі: Рахмет балалар, мен қатты қуанып тұрмын, Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Қимылдық ойын: «Түлкі мен балапандар»
(Балалар ойынды ойнап болған соң , түлкімен қоштасады. Түлкі ризашылығын білдіріп , балаларға сыйлығын береді. )
Сабақ соңында балаларды мадақтау, қорытындылау. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 492 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, ойындары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]