Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Тұмарша
20:36
Тұмарша

Күні:                Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Тұмарша
   Мақсаты: 1. Балаларға тұмарды қазақтың ою-өрнектерімен әшекейлеуді үйрету.
    2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,халық  өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
    3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер  
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін біз  тұмарша  жасаймыз.
V Жаңа сабақ 
Балаларды қазақтың тұмаршасымен таныстыру.Бұл зат  «Қазақстан зергерлік әшекейлері» альбомынан тұмаршаның қалай әшекейлегенін көрсетеді.Балаларға үшбұрыш қатырма қағазды тартып беріп,тұзды қамырмен оюлап әшекейлеуді ұсынады.Балаларды өз қиялдарымен толықтыруға дағдай жасау қажет.Қосымша материалдар:табиғи материалдар немесе мата қиындылары,ұсақ моншақтарды беруге болады.Асыл тастармен әшекейленген тұмаршаны тақса,ол адамға бақыт әкеледі деген ұғым бар екенін айту.
Сергіту сәті:   Ақ қояным тұршы
                        Беті-қолды жушы
                        Айнаға қарашы
                        Шашыңды тарашы
                           Ақ көйлегіңді киші
                           Сабаққа қарай баршы
                           Орныңа отыршы 
                           Сабағыңды оқышы

VI Пысықтау
        Шығармашылық жұмыс: Балалар   тұмаршаны жасайды.

VII Бекіту
-Бүгін қандай тақырып өттік?
- Тұмаршаны жасау үшін қандай құралдар керек?
-Тұмарша не үшін керек?
- Тұмаршаның жасалу жолы қандай?

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 241 | Добавил: Admin | Теги: Тұмарша, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]