Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Теңіздегі жел айдаған қайық
20:37
Теңіздегі жел айдаған қайық

Күні:                Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Теңіздегі жел айдаған қайық
   Мақсаты: 1. Балаларға сурет бойынша әңгімелей отырып,оның мазмұнына композиция құрау,мүсіндеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
    2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,халық  өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
    3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер  
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Жұмбақ
Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Не жүретін долы жоқ.
Мініп алсаң зулайды,
Бірақ ізі қалмайды.       (Қайық)
-Балалар бүгін біз  қайық  жасаймыз.
V Жаңа сабақ 
Суретті көрсетіп әңгіме жүргізу.Суретте теңіз бетінде жел қатты соғып тұрғаны байқалады.
-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар,ермексаздың көмегімен осындай қайықты мүсіндеуге бола ма?Ол суреттегі сияқты емес ауқымды,жан-жағынан көруге болатын етіп мүсіндейтіндерін айту.Сондай-ақ,рельефті мүсіндеу әдіс-тәсілдерімен. Жасауға болатынын түсіндіру.Түрлі-түсті ермексаздың әр түрінен бірнеше (2,3)кесек бөлшектерді бөліп алып,оны ақ қағаздың бетіне қойып,саусақтарымен басып,жан-жағына жайып,жабыстыра жағады.Түстерді бір-біріне үйлестіре араластырады..Мұндай әдіс-тәсілмен аспан мен теңізді бейнелеп,қайықты салады.
Сергіту сәті: Бас бармақ-әке
                         Балаң үйрек-шеше
                         Ортан терек- мен
                          Кішкентай бөбек-сен
                        

VI Пысықтау
        Шығармашылық жұмыс: Балалар теңіздегі жел айдаған қайықты  мүсіндейді.

VII Бекіту
-Бүгін қандай тақырып өттік?
-Біз шеберміз,біздің қолымыздан жақсы істер келеді.
VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 228 | Добавил: Admin | Теги: Теңіздегі жел айдаған қайық, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]