Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 29 » Темір конструкторлардан арба құрастыру балабақша ойындары
22:50
Темір конструкторлардан арба құрастыру балабақша ойындары

                            

Темір конструкторлардан арба құрастыру

 

Пәні:Құрастыр.Қол еңбек
Тақырыбы:Темір конструкторлардан арба құрастыру 
Мақсаты:      1. Арбаны құрастыру үшін оның дөңгелектерін бұрандылармен бекіту.Әдіс-тәсілдерін меңгерту.
2.Ой-өрісін,қиялын,қол икемдерін Қозғалмалы бөліктерді құрастыру дағдыларын  дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,мейірімділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  Арбаның  суреті.
Керекті құрал:Құрастырғыш конструкторлар,әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі    
                        Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
            Балалар бүгін біз құрастырғыш конструктормен  арбаны құрастырып үйренеміз.
V Жаңа сабақ    
               - Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
                Күзде қандай тіршілік басталады ?
-Егін жинау,жеміс-жидек жинау.
-Иә балалар егіншілерге  астықты қоймаға тасуға көмектесейік.
-Қоймаға астықты немен тасиды ?
-Машинамен,арбамен.
  Алдымен арбаны құрастырып алайық,сонан соң астықты тасуға көмектесеміз.
   Арбаны құрастыру жолы әліппе дәптердегі сурет арқылы түсіндіріледі.

-Сергіту сәті:     Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына
                          Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің
                          Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап
                            Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау   -Арба қанша бөліктен тұрады ?
                        -Арбаның жайпақ бөлігі,дөңгелектері,білігі,т.б. бар.
                      -Арбаның жалпақ бөлігі не үшін қажет?
                       -Жүк салу үшін.
                       -Арбаның білігіне дөңгелектерді кигізіп оны гайкалармен бұрап орналастырады.
 Балалар осыдан соң төрт дөңгелектерді бұрап,жүк салатын бөлігімен біріктіріп,оны қозғалтып жүргізіп көреді.
VII Бекіту 
            Балалар өздеріндегі конструкторлармен  арбаны көрсеткен ретімен құрастырады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
           Құрастырып болған соң астықты жинауға егіншілерге көмек көрсетіндерін,өздеріде көмек көрсетіндерін айтады.
  VIII Бағалау  Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағала

                 Күні:
Пәні:Құрастыру.Қол еңбек
Тақырыбы:Менің альбомым 
Мақсаты:      1.Тік төртбұрышты қағазды қос бүктеу және желімдеп альбом жасауға үйрету.
2.Ой-өрісін,қиялын,қол икемдерін ,қағазбен жұмыс істеу дағдыларын  дамыту.Оны әшекейлеуде көркемдік талғамын дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  Альбомның суреті не өзі.
Керекті құрал:әр балаға бірнеше ақ парақтар,түрлі-түсті қағаздар,жіңішке лента,әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
            Балалар бүгін біз  «Менің альбомым» тақырыбында альбом жасап үйренеміз.
V Жаңа сабақ    
  Әліппе- дәптердегі үлгіні көрсетіп,жасалу ретін түсіндіру,бағыт беру.
-Балаларға алдындағы парақ қағаздарынн алып,біреуін дәл ортасынан бүктеп көрсетеді;
-балалар қайталайды,қалған бірнеше парақты алып біріктіре ұстап,оларды ортасынан бүктейді (әр парақты жеке бүктеуге де болады);
-Түсті қағаз алып ,кітаптың сыртқы бетін де қос бүктеп жасап оның ішіне парақтарын кигізе орналастырады;
-Тескішпен  тесіп,оған жіңішке лентаны өткізіп байлап қояды;
-Альбомның сыртын балалар қалауы бойынша көрсетілген үлгілерге сәйкес әшекейлейді;
-Сергіту сәті:     Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына
                          Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің
                          Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап
                            Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау                        
   -Балалар альбом жасау үшін қандай құрал-жабдықтар керек?
-Ленианы не істейміз?
-Түрлі-түсті қағазды  қай жеріне пайдаландық?

 VII Бекіту 
            Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен,жапсыру жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
 
 VIII Бағалау  Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.
                 Күні:
Пәні:Құрастыру.Қол еңбек
Тақырыбы: Жаяу адам және көліктер жүретін көпірлер.
Мақсаты:      1.Балалардың көліктер жайлы түсініктерін кеңейту.Құрылыс материалдарымен пайдаланып,жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
2.Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту.Көпірлердің ерекшеліктерін білуге үйрету.
 3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал: құрылыс материалдары,көпірдің үлгі суреттері,машиналар,әліппе дәптер.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
 Көлік түрлері жайында,жол ережелері  туралы әңгімелеу.Көліктер мен адам жүретін көпірлер туралы өтетінімізді айту.            
V Жаңа сабақ    
Әр түрлі көпірлердің  суреттері көрсетіледі.,үлгі суретке талдау жасайды (әліппе-дәптердегі).Балалар дәптерге  мұқият қарап,көпірді қалай құрастыру қажеттігін ойланады.Жаяу адам жүретін көпірлер мен көліктер өтетін көпірді салыстырып көреді,айырмашылығына назар аударады.Көпірдің бөліктерін атайды:тіректері,жүретін бөліктері,сүйеніштері,төмен түсетін ылдиы,екі көпірде әр түрлі пішінде (біреуі-басқыштар мен,біреуі-тегіс).Алдымен көпірдің тіреулері,срдан соң оның үстіңгі бөлігі,төмен түсетін ылдилары,сүйеніштері,т.б.Құрылыс материалдарын кезектестіріп қойып,машиналар ерсілі-қарсылы өтетіндей көпірді құрастырып көрсетеді.Балалалардан көпірді құрастыру реті сұралады.Балалар іс-әрекетке кіріседі.Әр бала көпір құрастырғанда өздерінің машиналары өтетіндей етіп,көпірдің ені мен ұзындығын дұрыс құрастыру,өздігінен үлес қосуға бағыт беріледі.Дайын болған құрылысты талдау кезінде тек тапсырманы орындау ғана емес,құрылыстың ерекше  шешім тапқандығы аталып,мадақталады.
Сергіту сәті: Қызыл көзін ашқанда,
                       Сабыр сақта,баспа алға
                       Сары көзін ашқанда
                         Қарап қалма аспанға.
                         Жасыл көзін ашқанда,
                         Қарап қалма аспанға.
VI Пысықтау                        
            Сұрақ-жауап арқылы сабақты пысықтау.
VII Бекіту 
            Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен,көпірді жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
  VIII Бағалау  Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.
 Күні:
 Пәні:Құрастыру.Қол еңбек
 Тақырыбы: Жасанды заттармен жұмыс
 Мақсаты:      1.Жасанды заттармен жұмыс істеуге үйрету.
2.Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту.Қол икемдерін,ой-өрісін дамыту.
 3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал: Әр балаға шар керек,жіптер,желім,қайшы, түрлі-түсті қағаз немесе мата.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Жұмбақ: Күндіз ұйықтайды
                Түнде ұшады                    (Жапалақ)
Балалар бүгін жасанды заттардан құстардың бірі  жапалақ жасауды үйренеміз.
V Жаңа сабақ    
 Құстар үнін  үнтаспадан тыңдату.Жапалақтың дыбысын үлгісі бойынша талдау жасалады.Қандай материалдар қажет екенін алдынала таңдалып алынады.
1.Алдымен барлық бала шарды алып үрлейді.,аузы жіппен байланады.
2.Шардың сыртына жіпті желімге батырып алып орайды.Шар толық жабылғанша орап желім кепкен соң шарды жарып тастайды.
3.Кепкен жіп жапалақтың денесі болады.Жіптің түсі қоңыр болған ыңғайлы.
4.Қалған дене бөліктерін түрлі-түсті қағаздан немесе матадан үлгіге қарай отырып қиып алып желімдейді көздері тұмсығы,қанаты аяқтары тағы басқа.Дайын болған жапалақты ағаш бұтақтарына қондырып оның ерекшелігі жайында әңгімелеу.
Сергіту сәті: 
Қанат жаям жалма-жан
Талпынғандай ұшуға
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
VI Пысықтау                        
            -Жапалақ қайда жүреді?
-Ол қай уақытта ұшады?
-Қандай уақытта ұйықтайды?
VII Бекіту 
            Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен жапалақты жасау жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
  VIII Бағалау  Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.

Күні:
 Пәні:Құрастыру.Қол еңбек
 Тақырыбы: Жаңа жылдық бас киімдер
 Мақсаты:      1. Балаларды қағазбен жұмыс істеуге,пішілген үлгі бойынша  бөліктерді қиып,жапсыра білуге  үйрету.
2.Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту.Қол икемдерін,ой-өрісін дамыту.
 3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал:Түрлі-түсті қағаздар,желім,қарындаш,қайшы,әліппе-дәптер
 Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-«Карнавал костюмдері не үшін қажет?»
-Олар қандай болады?
-Суретін салып көрсет.(сайқымазақ,хан,сиқыршы т.б.).
-Бүгін сол  қағазбен жаңа жылдық бас киімдер жасаймыз.
-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.
V Жаңа сабақ    
-Әр түрлі жаңа жыл мерекесіне киетін бас киімдердің қалай жасалғанын қарап,көру;
-Әр баланың қандай бет перде жасағысы келетінін сұрау,тыңдауға ерік беру;
-Олардың жасалу жолдарын түсіндіру,үлгілермен жұмыс жасау.(Трафарет,шаблондар).
Жаңа жылдық бас киімдідерді  кез-келген түрін таңдап алғаннан соң,жұқа картон қағаз бетіне оның үлгісін сызып алады.
 Сызықты айналдыра қиып,көз,мұрын,ауыз, сияқты қажетті детальдарды жапсырады.
Одан соң басқа киюге  ыңғайланған 2 жолақ қағазды қиып,онымен басты айналдыра өлшейді де,оларды бір-біріне желімдейді.
2 қысқарақты жолақтарды қиып ,бір-біріне айқастыра отырып,төрт жағынан шеңберге бекітеді.Бас киім дайын.Осы бас киімге дайындалған бетперде бекітіледі.Қоянның,үйректің басы,бейнелері желімделеді.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына
                          Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің
                          Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап
                            Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау 
                    Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен жапалақты жасау жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
 VII БекітуЖұмыс аяқталған соң,балалар өздері жасаған карнавал бас киімдерін киеді.Ойын: «Кім екенін тап?» 
  VIII Бағалау  Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.  
  Күні:
 Пәні:Құрастыру.Қол еңбек
 Тақырыбы:Үй құрастыру
 Мақсаты:      1.Құрылыс материалдарынан үй құрастыра білуге жаттықтыру Қажетті құрылыс материалдарын  таңдауға үйрету.
2.Құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап,құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыру дағдыларын қалыптастыру.
 3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал:құрылыс материалдары,әліппе-дәптер
 Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Әліппе -дәптердегі  үлгі суреттерге  талдау  жасау 
 Үй құрастыратындарын ескерту.
-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.
V Жаңа сабақ    
-Үйдің әрбір бөліктерін мұқиат қарауға үйретіп,құрылыс материалдарын қалай орналастыруға болатынын ойлануға тапсырма беріледі.Бір не месе екі қабатты үйлер құрастыруға болады..Олардың ерекшелігі айтылады.Подъездерін,баокондарын қалай орналастыруға болатынын түсіндіріп,көпсету.

Жаңылтпаш:
 Үйде ойыншық үлегім,
Үлегіме үремін.
Үремін де үнемі
Үйіме мен кіремін.

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына
                          Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің
                          Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап
                            Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау 
                    Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен үй жасау жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
 
VII Бекіту
-Балалар үй не үшін керек?
-Үйдің қандай түрлері болады?
-Үйді жасағанда қандай құрылыс заттарын пайдаландыңдар?  
 
 VIII Бағалау
 Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақт                  
 Күні:
 Пәні:Құрастыру.Қол еңбек
 Тақырыбы:Көп қабатты үйлер
 Мақсаты:      1.Балаларды құрылыс жасайтын материалдарды таңдауға,бөлшектерін,қажеттілігін,кеңістікте орналасу қалпын білуге үйрету.
2.Әр түрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді құрастыруға,іс- әрекетке  қызығушылығын арттыру.
 3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал:құрылыс материалдары,әліппе-дәптер
 Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Қаланың,ауылдың ең көрікті жерлерін еске түсіру.Ел-ордасы Астана жайында әңгімелеу.Астана жайында шығарма оқу.
Көп қабатты үй құрастыратындарын ескерту.
-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.
V Жаңа сабақ  
  Құрылысшылар үй салып жатқан  суретке қарап әңгіме құрау.
-Құрылысшылар не істеп жатыр?
-Үй салып жатыр
-Қай жыл мезгілінде олар үй салып жатыр?
-Міне олар көп қабатты үйді салып болыпты.Неше қабатты үй қане санайықшы?
-Есігін,терезесін санау
-Ал осы көп қабатты үйдің қажеті не?

   Біздің еліміз ұлан-ғайыр,көп ұлтты.Міне ,осындай көп қабатты үйлеріміз адамдар тұру үшін салынған.Бір көп қабатты үйде шамамен 50-60 жанұя тұрады.Ұлттары да әр-түрлі.Олар бір-бірімен бір үйдің адамдары сияқты тату тұрады.Бір-біріне  амандасады,көмектеседі.
-Балалар осы зәулім үйлерді кімдер салады?
Құрылысшылар
-Ал кез-келген адамдар үй сала бере ме?Жоқ,осындай зәулім үйлерді мамандар ғана сала алады.Оларды арнайы оқытады,құрылысты салу жолдарын үйретеді.
Сергіту сәті: Қолда темір қалағым
                       Саздан сарай саламын
                       Алматыдан аумайтын
                      Әсем қала саламын
Көп қабатты үйлерді құрастыру үшін бір-бірімен келісіп,міндеттерін бөліседі.
-Қай жерге құрылыс салу керектігі белгіленеді.
-Қандай құрылыс материалдары қолданылатынын таңдайды.
-Неше қабатты етіп тұрғызу,неше подъезді болатыны ойластырылады.
-Үйдің іргетасынбастап,қабырғалары,терезелері,есіктері және кіреберіс,алаңдар.т.б жасауды балалар кезектесіп орындайды. 
VI Пысықтау 
 Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен үй жасау жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
 VII Бекіту
-Балалар үй не үшін керек?
-Үйдің қандай түрлері болады?
-Үйді жасағанда қандай құрылыс заттарын пайдаландыңдар?  
 
 VIII Бағалау
 Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау               

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 30 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, ойындары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]