Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 25.7.2017
Главная » 2016 » Декабрь » 1 » С с дыбысы және әрпі балабақшадағы ертеңгіліктер
19:53
С с дыбысы және әрпі балабақшадағы ертеңгіліктер

С с дыбысы және әрпі

 

Білім  беру  саласы:  Қатынас  
Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеті: Сауат ашу
Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің  тақырыбы: С с дыбысы және әрпі
Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің  мақсаты: 
1.Өткен  әріптерді  еске  тусіре  отырып, ойлау  қабілетін  арттыру.
2.С с  дыбысы  және  оның  әріп  таңбасымен  таныстыру.
3.Дыбыс, буын,  сөздерді  айыра  білуге  үйрету. 
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, ойын, топтастыру.
Көрнекілігі: кеспе әріптер,суреттер,слайд-шоу, проектор, әліппе дәптері,
 таяқшалар,   ойыншықтар,  лазер.                   
Пәнаралық  байланыс: тіл дамыту, айналамен  таныстыру.
Сабақ  барысы: 1. Ұйымдастыру.
Психологиялық  дайындық: Мейірімді  жүрекпен,
                                                      Ақ пейілді  тілекпен.
                                                      Амандасып  алайық,
                                                      Бір  жадырап  қалайық.
-Амансыңдар ма, балалар? Сәлеметсіздер ме, құрметті  қонақтар?
-Қош  келдіңіздер!
2. Өткенді  қайталау.
Өткен  дыбыстарды  қайталап  шығу. Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл,Уу, Шш, Йй,
                                                                  Оо, Ққ, Дд, Мм, Бб.
Дидактикалық  ойын: «Қай дыбыстан  басталады?»
Шарты: Слайдтағы  көрсетілген суреттердің  қай дыбыстан басталып  
тұрғанын  лазер  арқылы  көрсетулері  керек. 
Дидактикалық  ойын: «Орнын тап» 
Шарты: Дауысты дыбыстарды  қызыл  киіз  үйге, дауыссыз  дыбыстарды
көк  киіз үйге  орналастырулары  керек.
3. Жаңа  сабақ.
Сюжетті- рольдік  ойын «Ойыншықтар  дукені»
-Балалар, мен  сатушы  боламын, сендер сатып алушысыңдар.
Балалар  қалаған  ойыншықтарыңды  алу  үшін  сатушының  тапсырма-
ларын  орындауымыз  керек.Егер  тапсырманы  орындай  алмасақ
ойыншық  дукенде  қалып  қояды.
Сатушы  жыланның  ойыншығын  көрсетіп,  сұрақтар  қояды.
-Мынау  не?
-Жылан.
-Жылан  қайда  журеді?
-Жерде, топырақта.
-Жылан  қандай   дыбыс  шығарады?
-с с с с с с
-Қане, барлығымыз  қайталайықшы  с с с с с
-Ендеше, бүгін  біздің  өтетін  жаңа  дыбысымыз  С с дыбысы.
-С дыбысын айтқанымызда  дыбыс  кедергіге  ұшырап  тұр, олай  болса
 С дыбысы  дауыссыз  дыбыс  екен. 
-С  дыбысын  қай  киіз  үйге  орналастырамыз?
-Көк  киіз  үйге  орналастырамыз  екен.
-Ойнымызға  қайта  оралайық. 
-Сен қандай  ойыншық  сатып  алғың  келеді?
-Сағат.
-Сағат  деген  сөз  қандай  дыбыстан  басталып  тұр?
-С дыбысынан.
-Сағат  деген  сөзді  қол  шапалақтау  арқылы  буынға бөлейікші.
-Са-ғат.
-Тапсырманы  орындадың  ойыншығыңды  ала ғой.
-Сен  қандай  ойыншық  сатып  алғың  келеді?
-Асық
-Асық  деген  сөзде с дыбысы  қай  жерінде  келіп  тұр?
-Ортасында.
-Сен  садақ  сөзіне  дыбыстық  талдау  жаса.
-с-дауыссыз, а дауысты, д  дауыссыз, а дауысты, қ  дауыссыз.
-Жарайсың  ойыншығыңды  ала ғой.
-Сен  қандай  ойыншық алғың  келеді?
-Сандық.
-Сандықтың ішін ашып  қарап, тапсырманы орындасаң сандықты  аласың.
 Жұмбақ:  Сыртылдайды  кунімен.
                  Сыртылдайды  түнімен.
                  Білгің  келсе  уақытты
                  Көрсетеді  тілімен.                     ( Сағат)
-С дыбысының  әріп  таңбасы  неге  ұқсайды?
-Айға, бананға  ұқсайды екен. Қане, барлығымыз ауада  жазып  
көрейікші.
Сергіту  сәті:  Қанат  жайып  қалықтап,
                         Құс сияқты  куйге  енем.
                         Асықпаймын  мен үйге,
                         Жаңа әріппен  танысып,
                       Жазу  жазып  үйренем.
Дәптерге с әрпін  екі  жолға  толтырып  жазу.
Дидактикалық  ойын: «Тез  ойла»
Шарты: Дыбыс, буын, сөзді айтып балаларға  допты  лақтырамын,
балалар  дыбыс  па  немесе  буын,  сөз  екенін  ажыратып   айтып  допты  кері
лақтырады.  Мыс: с,  са, сағат, б, бе, шар т.б.
4. Қорытынды.
-Бугін  қандай  дыбыспен  таныстық?
-С дыбысы  қандай  дыбыс  екен?
-Әріп  таңбасы  неге  ұқсас?
Бүгінгі  оқу іс-әрекетіне барлығың  да  жақсы  қатыстыңдар 
Жарайсыңдар, балалар.
Серік  Сапиевтің суретін  көрсетіп,  Серік  ағамыз  секілді  салауатты  өмір  
салтын  ұстанайық.         

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 141 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, ертеңгіліктер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]