Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 16 » Сырғанақ өлеңі
22:57
Сырғанақ өлеңі

Күні:               Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Сырғанақ» өлеңін жаттау.Б.Жақып
Мақсаты:      1.Қыс туралы білімдерін тиянақтау.
2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.
3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қыс мезгіліне арналған  суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Бекіту
 Меңгерілетін сөздер: құйын,шыңдаймыз,зырлаймыз,тебеміз,ішік пима,тоңғақтар,малақай.
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар ,көзімізді жұмып,көз алдымызға қыстың ашық күнін елестетейік.Ал,кім қандай күнді елестетті?

VI Бекіту
Балалардың жауаптары:
-Аспан шайдай ашық.Күн жарқырап шығып тұрДала аппақ қар.
-Далаладағы аппақ қар күн сәулесімен шағылысып тұр.
-Қар аппақ мақта тәрізді.Мақтаның арасында жылтыр моншақтар шашып қойған сияқты.Бірақ жылтыраған моншақ емес.Ол-күннің сәулесі ғой.
-Балалар сырғанап ойнап жүр.Екі беттері қып-қызыл.Тіпті ыстықтап кетіпті.Қыс қандай көңілді! Мен қыс мезгілін жақсы көремін.
«Сырғанақ» өлеңін жаттау.Б.Жақып 

Сергіту сәті: Қар жауады оң жақтан
                      Қар жауады сол жақтан
                      Қар лақтырып ойнасақ
                      Су болады қолғаптар
VII Қорыту
-Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?
-Бүгін Сырғанақ деген өлеңді өттік.
-Немен сырғанаймыз?
-Қалай киінеміз?
-Оқылған өлеңде не туралы айтылған?
-Сырғанақты қалай жасайды?

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 199 | Добавил: Admin | Теги: Сырғанақ өлеңі, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]