Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » 15 саны мен цифры
20:40
15 саны мен цифры

Сабақтың тақырыбы: 15 саны мен цифры. 
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 15 санымен, оның цифрымен таныстыру.
Дамытушылық: 15 санын көрнекіліктер арқылы балалардың естеріне сақтау,логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Сауатты , таза жазуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, сурет бойынша әңгімелеу 
Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері, цифрлар, санағыш таяқшалар.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту:
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу.
1 Жылдың қай мезгілі?
2 Аптаның қай күні?
-Қазір бізде математика сабағы.
2 Өткен сабақты пысықтау.
Суретте тізілген үшбұрыштарды санау, нешеуі боялған және қандай?
1-ден 14-ке дейін тура және кері санау.
14 санының көршілерін атау.
Негізгі бөлім.
-Балалар бізге ертегілер елінен «Қызылтелпек» деген кішкентай қыз қонаққа келді. Ол орманда тұратын әжесіне самса пісіріп алып бара жатыр екен. Қызылтелпек сендерден көмек сұрай келіпті,ол себетіндегі самсалардың нешеу екенін санап берулеріңді сұрайды.
-Санап береміз бе балалар?
-Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Барлығы қанша екен?
- Он бес.
-Жарайсыңдар балалар!
- Олай болса бүгін қандай жаңа санмен танысамыз?
- Он бес санымен. Балаларды 15 цифрымен таныстыру. 15 саны екі цифр арқылы жазылады. (1 және 5) 15-екі таңбалы сан. 
Сан қатары: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15. Тура және кері санау.
Балалар Қызылтелпектің самсаларының түстеріне назар аударайықшы, олар қандай екен?
1-еуі қызыл, қалғандары сары.
Кәне санайық нешеуі сары, нешеуі қызыл екен?
Балалар санайды.
14-і сары, 1-еуі қызыл.
Сонда 14-ке 1-ді қоссақ жаңа сан 15 шығады. 14+1= 15
Балалар орманда Қызылтелпектің  алдынан қасқыр шықты. Ол Қызылтелпектен себетіндегі самсаларының  әрқайсысы нешеуден деп сұрайды?
- Қызылтелпекке көмектесеміз бе, балалар?
    Балалардың жауаптары тыңдалады.
-    Әрқайсысы бір-бірден.
-    Сонда 15 санының ішінде неше бірлік бар екен?
-    15 бірлік бар екен.
-    Жарайсыңдар, балалар!
Енді 15 цифрын ауада жазып көрейік.
Балалар біз шаршағандықтан сергіп алайық.
Сергіту сәті
 Бойды бүкпей тік ұста,
Еркін тұрып тыныста.
   Жай оң қолды оң жаққа,
      Жай сол қолды сол жаққа.
           Қолды айналдыр бұлданбай,
 Екі шеңбер сызғандай.
 Сәл тынығып байқа да
Оншақты рет қайтала.

Дәптермен жұмыс
15 цифрын жазып үйрену.
Балалар Қызылтелпек пен қасқыр орманның ішінде ойын ойнады.
Қасқыр есеп шығару білмейді екен 
-    Кәне көмектесейік.
1-ші тапсырма. Логикалық есептер.

1 Екі сиырдың мүйізі неше?
2 Екі мысықтың аяғы нешеу?
3 Бес тырнаның басы нешеу?
4 Адамда екі-екіден бар дене мүшелерін ата?
5 Оң қолда және сол қолда неше саусақ бар?

Табақта он алма
      Қолымда бес алма
      Қосқанда барлығы,
      Болады неше алма? (15 алма) 

     Қызылтелпектің  келесі тапсырмасы.
Ойын «Көршісін тап»
Мен сендерге цифр көрсетемін, сол цифрдың көршісін тауып айтасыңдар және неше бірлік барын айтып бересіңдер.
3-ші тапсырма. « Кім шапшаң ?» Есептер шығару.  
5+5    14+1        3+3
     8-6    15-1        5+4
4+3    10-8        8-4
7+3    9-2        10-3
1+1    5-3        10-6
-    Балалар, енді қасқыр Қызылтелпекке былай деді.
-    Енді саған мен тапсырма берейін, егер оларды дұрыс шешсең әжеңе жіберемін, ал орындай алмасаң сені жеп қоямын.
-    Кәне Қызылтелпекке көмектесіп оны қасқырдан құтқарайық
1-ші тапсырма.  Қандай  геометриялық фигураларды білесің?

1 Төрт қабырғасы тең болса,         Бұрыштарын табамыз,
   Төрт бұрышы тең болса.          Бұған келер шамамыз.    
   Жауап берер балақай,          Төбесінен сырғанап,
   Ой-өрісі кең болса.             Құлап қалсақ ,күлеміз.
                  Бұл не? (Шаршы)                  Бұл не? ( Үшбұрыш )
     
     Емес бұл төртбұрыш,          Бұрыштар мен сызықтар,    
     Мұнда мүлде жоқ бұрыш          Атын жаттап тізіп қал.
                        Бұл не? (Дөңгелек)      Ақылы көп балаға
                               Зейін қояр қызық бар
                           Мынау қандай фигура?        
 (Тіктөртбұрыш)     
     2-ші тапсырма
Мына сандарды қандай екі санның қосындысынан алуға болады.

 10    9    7    5    4    8    6    3     2 
                                                    
                                                 
3-ші тапсырма
               Қандай санамақтар білесің?    
                                                             Бір дегенім -білім
Оң қолымда бес саусақ,               Екі дегенім- елім,
Сол қолымда бес саусақ         Үш дегенім-Үміт,
Қосып едім екеуін             Төрт дегенім-төзім,
Болып шықты он саусақ        Бес дегенім-Бақыт,    
                               Бағалайтын уақыт.    

         4-тапсырма 
Сан санайық  мүдірмей, он беске дейін кідірмей.
     1- ден 15-ке дейін тура және кері санау.

5-ші тапсырма
Анаграмманы шешу.
А   Қ    А    Л            А    Ш    Й    А
2    1    4    3              1    3    2    4

-Міне, балалар білімдерің арқылы Қызылтелпекті қасқырдан құтқардыңдар.
      Енді ол әжесімен аман-сау табысты.

 

   Сабақты қорытындылау.
   1   Қандай сабақ өттік ?
   2   Қандай жаңа санмен таныстық ?
   3  Кімге көмектестік ?
   4   Сабақта ерекше белсенділік көрсеткен балаларды бағалау, мадақтау.    

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 239 | Добавил: Admin | Теги: 15 саны мен цифры, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]