Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 16 » Не деу керек
23:07
Не деу керек

Күні:
Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Не деу керек?
Мақсаты:      1. Балаларға   тақпақтың мазмұнын ашып беру..
2.Оқушылардың  ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Балаларды имандылыққа мейірімділікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу
Көрнекілігі:Мақал-мәтел, сурет үлгілері,нақыл сөздер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме,сұрақ-жауап
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
 
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Балалар бүгігінгі сабақта әдептілікке байланысты тақпақ жаттаймыз.
V Жаңа сабақ 

Не деу керек?   Ә. Дүйсенбиев
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін,жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Балалар жүр көшеде
Естіледі шу,айқай.
Сенде шықтың көшеге,
Қағып кеттің байқамай.
Әжең сенің түскі асқа,
Қанттарды салды мол
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Әй-шәйы жоқ салдың қол.
Жөн еді не айтқаның?
-Добын апар,Назардың-
Деді ағаң,бармадың,
Тапжылмадың,сазардың,
Аға тілін алмадың,
Сен қай сөзді айтпадың?
Сергіту сәті: :   Кел,балалар,тұрайық 
                        Үлкен шеңбер құрайық
                         Шаңырақты көтеріп
                        Керегені құрайық
                        Уықтарша иіліп
                         Шаңыраққа қосылып,
                          Қазақ үйді құрайық
VII Қорыту
-Балалар сыйлық алғанда не деп барып алу керек?
-Абайсызда көршіңді немесе досыңды ренжітіп алсаң,не деу керек?
-Дастархан басында сен өзіңді қалай ұстайсың?
VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 460 | Добавил: Admin | Теги: балабақшадағы ашық сабақтар, Не деу керек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]