Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Күзгі жапырақ
20:12
Күзгі жапырақ

Күні:
Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Күзгі  жапырақ 
Мақсаты:      1.Балаларға ермексазды пайдаланып,жапырақты мүсіндеп үйрету.
2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:   Күздің,жапырақтың суреті.
Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
                 -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
                 -Күзе дала қандай түске боянады?
-Ендеше біз ермексаздан күзгі жапырақты мүсіндеуді үйренеміз! 
V Жаңа сабақ     
Өлең:         Жапырақтар
            Қыстың жақын қалғанын
           Жапырақтар білгендей
           Желмен ұшып барады
           Жерге қонып үлгермей
           Жапырақтар жамырап
            Сайға барып бекінді
            Анасынан ажырап
            Қалған бала секілді.  
-Ермексазбен күзгі жапырақтарды мүсіндеу жолын түсіндіру.    
Сергіту сәті:     Отырып ақ орнында,
                           Айдын көлді кешемін.
                           Сен білмесең егерде,
                            Былай ескек есейін
VI Пысықтау
 -Күз мезгілінде жапырақтар қандай түске өзгереді?
-Шіріген жапырақтың бізге қандай пайдасы бар?

VII Бекіту
           Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен жапырақтың мүсінін жасайды.
  VIII Бағалау
            Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 662 | Добавил: Admin | Теги: балабақшадағы ашық сабақтар, Күзгі жапырақ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]