Главная »
2016 »
Апрель »
16 » Құстардың-қысқы тіршілігі
23:37
Құстардың-қысқы тіршілігі
|
|
загрузка...
Күні:
Пәні:Айналаны қоршаған орта.Экология
Тақырыбы:Құстардың-қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Құстардың-қысқы тіршілігі жайлы түсінік беру.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.
3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,табиғаттың бір бөлігі құстарды аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Қазыр жылдың қай мезгілі?
-Қандай құстарды көріп жүрсің?
-Яғни бүгін қыста жүретін құстар жайлы өтеміз.
V Жаңа сабақ
Балалармен бірге құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттерге қарап,олардың аттарын атайды.Білмесе өзім айтып беремін.Құстардың қысқы тіршілігі жайында әңгімелесеміз.Қыс мезгілінде құстардың тіршілігі қиындай түседі.Сондықтан адамдар оларға көмектесу керек.
-Құстарға қалай көмек беруге болады?
-Ағаш үстіне құстарға ұя жасау.Жем,нан қоқымдарын,кептірілген жемістерді үйшіктеріне тастау.
Сергіту сәті:
Ұшты-ұшты
Ағаш ұшты
Ұшты-ұшты
Торғай ұшты
Ұшты-ұшты... .
Т.Нұрмұханбетов «Тоңбайды»
Қатаң қыс келді де,
Түз-дала томпиды.
Тоңбайын деді де
Көл мұздан тон киді.
Үйрек пен қаздарға
Болмайды тон қайғы.
Бүлк етпей аязға
Мамықтан тоңбайды.
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Суреттен қыстап қалатын құстарды көрсет.
-Құстарға қалай көмек беруге болады?
-«Тоңбайды»-өлеңінде не туралы айтылған?
VII Бекіту-Сонымен қандай тақырыпта әңгімелестік?
-Торғайдың суретін сал.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
|
|
Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 2303 | Добавил: Admin | Теги: балабақшадағы ашық сабақтар, Құстардың-қысқы тіршілігі | Рейтинг: 0.0/0
|
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]