Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 16 » Қаңтар мен ақпан ертегісі
22:52
Қаңтар мен ақпан ертегісі

Күні:
Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қаңтар мен ақпан» ертегісі
Мақсаты:      1. Ертегіні оқып,мазмұнын түсіндіру
2.Ертегіні балалардың өздеріне айтқызу арқылы сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.
3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
 Меңгерілетін сөздер: 
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-«Аязды қыс» әнін айтып,өлең мазмұнына сай қимылдарды орындайды.
-«Қаңтар мен Ақпан» ертегісін өтеміз.
V Жаңа сабақ 
 «Қаңтар мен Ақпан» ертегісін оқып,мазмұнын айтып беру.Оқушылардан түсінгенін сұрау.
-Ақпан терезеден нені көрді?
-Қаңтар әрекетін баянда.
Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан
                     Боран соғар сол жақтан
                     Қар лақтырып ойнасақ,
                     Су өтер қолғаптан 
VI Бекіту
«Екі аяз» ойыны
Ойнау тәсілі:
Залдың бір жағына ойнаушылар тұрады.Екі бастаушы алаңның ортасында ойнаушыларға қарама-қарсы тұрады да өлең айтады.
             Ағайынды екі Аязбыз,
             Қорықпаймыз ешкімнен,
             Мен-Аяз қызыл мұрын,
             Мен-Аяз көк мұрын.
             Кім бізге бөгет болады,
             Оларды  жолға жолатпаймыз.
Балалар бірдей жауап береді.
-Қорықпаймыз аяздан.
Аяздан да мықтымыз.
       Содан кейін залдың бір жағына жүгіреді.Аяздар оларды ұстауға тырысады.Аяздар ұстаған балалар бір орында тұрады.Оларды қолдарынан ұстап тірілтіп алуға болады.

VII Қорыту
- Ертегі ұнады ма?
-«Екі аяз» ойыны қызықты ма?
-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 155 | Добавил: Admin | Теги: Қаңтар мен ақпан ертегісі, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]