Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Біздің ғарышкерлер
20:37
Біздің ғарышкерлер

Күні:               Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Біздің  ғарышкерлер
Мақсаты:      1.Балаларға ғарыш туралы түсініктеме беріп,қазақ елінің тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаевтар жайлы балалардың өздеріне әңгімелету.Ғарышкерлерді мүсіндеудің ең оңай,тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.
2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.
3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу
Көрнекілігі: Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаевтың суреттері
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою
-Балалар мынау ненің суреті?
-Зымыран,ғарыш туралы түсінік беріп «Ұшқыш болам»-деген тақырыпты өтетінімізді айту.
Мен ақылдымын,
Қиындықтан қорықпаймын
Мен жаспын қандай әдемімін,
Мен ұзақ өмір сүремін.
Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді.
Мен халқыма қызмет етемін
Айға ұшамын,жерге түсемін,
Халқыма тыныштық тілеймін.
V Жаңа сабақ
 Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаевтың өмірбаянын әңгімелеу.

«Ұшқыш болам» Т.Молдағалиев.-өлеңін оқып беру.
Оқып берген өлеңді сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.
«Тұңғыш қазақ ғарышкері» С.Қалиев
Ғарышкерлерді мүсіндеудің ең оңай,тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.
Сергіту сәті:Арман қуып жасынан
                      Көктен көзін алмаған.
                      Ұшқыш болды жас ұлан.
                       Аспанда еркін самғаған  
VI Бекіту
 Шығармашылық жұмыс: Балалар ғарышкерлерді мүсіндейді
VII Қорыту
-Балалар қандай тақырып өттік?
-Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.
-Ғарыш әлеміне нелер жатады?
-Кім ғарышкер болғысы келеді?
VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 313 | Добавил: Admin | Теги: Біздің ғарышкерлер, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]