Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 30 » Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік балабақшадағы тәрбие сағаты
17:58
Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік балабақшадағы тәрбие сағаты

            Тақырып:  Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік
 Мақсаты: 1. Баланың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру.
 2. Отан алдындағы борышын мақтанышпен жеткізіп, сезіне білу, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған салт- дәстүрлерімізді, қазақи дархандылығымызды, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ(интеграл, ата-анамен жұмыс, жас тәрбиешілер мен жұмыс, іскерлік, үлгі сабақ  )
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, айналамен танысу,  көркем әдебиет
Сабақтың әдіс-тәсілі: ізденіс, пікір алмасу (өзіндік білімнен - ортақ білімге жету) 
Сабақ көрнекілігі: электрондық тақта,  киіз үй, бильборт
 Сабақтың эпиграфы: «Мен, өз халқымды сүйемін, оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» Н.Ә. Назарбаев.
 Тәрбиешінің сөзі: 
Жиырма жыл жаңа билік орнағалы, 
Жоспарды іске асырдық сан-салалы.
Дамыған Қазақстан үлгілерін, 
Бүгінде шетелдер де қолданады.
Балалар, біз  «Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік» АТТЫ АШЫҚ тәрбие сағатын сағатын бастаймыз.
Тәрбиеші сөзі: сөз салтанатты тәрбие сағатын ашып беру үшін бала-бақша меңгерушісі С.Доспаеваға беріледі
   Әнұран орындалады
Тәрбиешінің сөзі: 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Сол жылы 10 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының  атауын өзгерту туралы заң қабылданып «Қазақстан Республикасы» деп аталды. 16 желтоқсанда ҚР егеменді, тәуелсіз мемлекет деп жарияланып, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев ҚР  Конституциялық заңына қол қойды. (Слайдта елбасы суреті)
Айтамын әрқашанда сөздің шынын,
Атқарған сансыз еңбек халық үшін.
Биікке қол жеткізсе Қазақстан, 
          Данышпан саясаты Елбасының,- деп сөз кезегін  балаларға беремін. Балалардың  ізденіс жұмыстары, шығармашылық шеберліктеріне қарай. 

 Жылдар сөйлейді:
2001 жыл. ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл. 
2002 жыл. Деңсаулық сақтау жылы. 
2003 жыл. Ауылды қолдау жылы. Ресейдегі Қазақстан жылы.  
2004 жыл.Қазақстандағы Ресей жылы. 
  2005 жыл. Ұлы Жеңіске 60 жыл. (слайд, ән «День Победы»)
  2006 жыл. Қазақстан тәуелсіздігіне 15 жыл. (слайд)
2007  Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер. (М. Мақатаев «Тіл» туралы өлең) Қазақ тілін қорғау жылы
   2008 жыл. Астана-Елбасы ерлігі. 
2009 жыл. Германиядағы Қазақстан жылы. 
   2010 жыл. ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға төрағалық жылы. 
  2011 жыл. ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл, «Атамекен Қазақстан картасы» этнокешеніне 10 жыл. 
  Тәрбиешінің сөзі: («Отан, Қазақстан, Тәуелсіздік, Елбасы» туралы балалардың мына бір жүрек жарды сөздерін тындап, тілектерін шаңыраққа салайық.)
Шаңырақ құрып қортындылау.
ІІ бөлім. «Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу»
Тәрбиеші: Балалар міне бүгінгі мерекемізге тәуелсіздік құрдастары келді. 
1.    Тұрғанова Сабира Серікқызы 16.12.1991
2.    Реметова Айгүл Ешжанқызы  16.12.1991
Сабира Серікқызы: мен ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздік күні туылғаныма өте қуаныштымын.Себебі мен кеудемді бақыт сезімі билеп «Бұл менің елім, менің жерім, тәуелсіз Қазақстаным»- деп жар салып мақтаныш пен айта аламын. Мен тәуелсіздігіне өз тартуым мен келдім. Мен Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет жанындағы коллежді қызыл дипломмен аяқтап, университетті сырттай жалғастырудамын. Абай атамыз айтқандай: «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан»  демекші, қазір салық басқармасында көмекші салық инспекторы болып қызмет атқарамын. Егемен елімнің нағыз патриоты  болатынымына және баянды болашаққа нық сенім мен қараймын.
 Реметова Айгүл мен тәуелсіздіктің құрдасы болғаны ма қуанышым шексіз. Елбасымыз «Жастар ел болашағы» дегендей өз мамандығымда ақ халатты абзал жан болудан бастадым.  Еліме  зор сенім мен еліме үміт артамын.
Бүлдіршіндер сұрақтары:
 Тәрбиеші: қане балалар қонақтарымызға арнап өз ән-тақпақтарды, билерімізді тарту етеік.
Рауан : тәуелсіздік жолында талай-талай тер тамған,
             Билігім өз қолымда
             Еркіндігім- елтаңбам  
Али : елтаңбасы елімнің 
         Неткен көркем әдемі
        Тұнығындай көңілдін
        Ортада аспан әлемі
Ақбота : Астана бар әлемді елеңдетті
              Тамырын байтеректей тереңдетті
              Аз жылда жаңа Астана салып алдық,
             Қай халық көрді мұндай кереметті.
Би: Қара жорға
Тақпақтар жіберіледі.
Ән: Елтаңбасы елімнің
Тәрбиеші: Қазақ халқында атамекенді ардақтау, ананың ақ сүтінен, әкенің ақыл өсиетнен тараған. Өз елінің тәуелсіздігі үшін жанын да, арын да аямайтын ер жүрек жастар, Сіздер деп білемін!
Сөз соңы: «Шәкіртімнің ғарышқа қол созғанын
                   Қазағымның адал ұлы болғанын. 
                   Көрсем  деймін, жатсам-тұрсам ойланам,
                   Өзімненде көш елгері озғанын»-деп тәрбие сағатын аяқтағым келеді. 
«Атамекен» әні шырқалады.  
       

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 1500 | Добавил: Admin | Теги: балабақшадағы тәрбие сағаты, Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]