Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Бүлдіршіндерді еңбекке баулу
22:20
Бүлдіршіндерді еңбекке баулу

Бүлдіршіндерді еңбекке баулу

Бала бір сәт тыныш отыра алмайды. Білгісі, көргісі келеді. Талпынады, заттарды жұлқып, кейде бүлдіріп те қояды. Баланың сол қимыл-әрекетінің өзі - еңбек.
Ата-аналар мен педагогтарға белгілі, тек ақыл айтумен көздеген нәрсеге жете алмайсың. Ақылыңды тыңдайды, әйтсе де әдет бойынша өз қалағанын істейді. Себебі балаға тән әдеттер оны тұрақты түрде күнделікті айналысатын дағдыға айналдыру қажет. Яғни бүлдіршінді еңбекке баулуды қай жастан бастаған жөн? Кейбір ата-аналардың пікірінше асығыстықтың қажеті жоқ, "Кішкентай балада нелерің бар, ептеп есейсе, бәрін өзі-ақ үйренеді" деп қорғаштайды. Шын мәнінде солай ма? Бүлдіршінді еңбекке баулу зорлақ па, жоқ па?
Бала кезіңізді есіңізге алып көріңіз, анаңыз дастархан жасауға көмекке шақырғанда қалай қуанушы едіңіз. Бұл зорлық емес, қайта бала бойындағы күш-қуатты қажетті іске жұмсау.
Қазақта "Баланың істегені білінбес", "Істегенің маған жақсы, үйренгеннің өзіңе жақсы" деген сөздер бар. Осы сөздердің де еңбекке мәні көп. Әрине, бүлдіршіндерді еңбекке баулу оңай емес. Бастаған ісін сырттай бақылай отырып, аяғына жеткізгенше қадағалау үшін төзім керек. Кейде 15 жастағы бала да айтқан тапсырмаларыңдытолықтай орындай алмауы мүмкін. Сондықтан бүлдіршіндерге жылы сөйлеп, әр әрекетін тұрақты қадағалап, төзіміне дем беріп, ересек адаммен сөйлескендей қолдап отырсаңыз тәрбиеңіз нәтижелі болады. Ұрсу, зеку, дауыс көтеру оның еңбекке деген ынтасын жояды.
Бүлдіршіндерге алғашында жеңіл тапсырмалар берген орынды. Екі жастан бастап өзі киінуге талаптана бастайды. Алғашқы кезде жеңіл-желпі киімдерін өзі кие бастаса, бір жылдан соң бәтеңкесінің бауын, түймелерін өзі салады. Балалар 5-6 жасында бөлмені тазалауға, бақшадағы ұсақшаруаларға, ыдыс-аяқжуысуға, тағам дайындауға көмектесе бастайды. Ондай сәттерде баланы демеп, қолдау көрсетіп отырған орынды. Қарапайым мысал, шұлығын жартылай шешіп беріңіз, қалғаның өзі бітіреді. Байқайсыз ба, бірде ұрысып, енді бірде еркелетіп, кейде талап етіп неше алуан күйге түсесің. Оның орнынан тұруы, жуынып-шайынуы, таңғы асын ішуі де әжептәуір шаруа. Осындай сәтте асығыстыққа бармай, "Тамағынды тез ішпейсің бе?", "Қашанғы айта беремін", тағы басқа сөздерді айтып, баланы тықсыра бермей, баланың ыңғайын бағып, жылы сөйлеген орынды. Ондай сөздер баланы ығыр қалады. Осыдан соң баладан бір нәрсені талап ету қиынға соғады. Кейбір ата-аналар күні бойы баласының қыр соңында жүріп, тілін алғыза алмайтынын да айтып отырады.
Балаға барлық шаруаны тапсырылғандай орындап шығу оңай емес. Ең бастысы еңбек етуге ынталанса, талабын қайтармау қажет. Баланың ынтасы ауған жұмыс оған қызықты көрінеді. Тек нәтижесін бақылап отыру керек. Психологтар мен педагогтардың зерттеулері бойынша, бала кішкене кезінде эмоцияға көп беріледі, еліктейді. Балалардың эмоциясы қас-қағымда ауысып отырады екен. Оның қалауы мен бабын тауып, ыңғайына қарай жалықтырып алмаған жөн.
Оған жетудің жолдары қандай? Яғни қанша түсіндірсең де бабын таба алмауың мүмкін. Мысалыға, ойыншықтарын жинағанда машинасын гаражға қоюды, қонжығын ұйықтату керектігін ескертіңіз. Соны орындауға құлшынатынына көзіңіз жетеді. Ойынға өзіңіз де араласып, ретімен орналастыруға көмектессеңіз, келесі жолы соны қайталап жасайды. Мысалы, балаға жылы су толы табақ пен сабын беріп, "қуыршағыңның киімдерін жу" деп тапсырма бердіңіз дейік. Сіз ең бастысы оның киімінің таза болуына көңіл аударғанына, оның тазарғанына мән беруін ескересіз. Егер ісі көңілге қонбай жатса, "келесі жолы бұдан да таза жуасың" деп демеп қойыңыз.
Бала өзінің әрбәр жасаған әрекетіне қуанады. Содан мақтау күтеді. Біз көбінде ескере бермейміз, бала ойыннан гөрі еңбек етуге ынталы. Екі жастағы балаға жуу үшін таза кесені сұрайды, әйтпесе жуудан бас тартады.
Біз кейде баланы еңбекке баулуға немқұрайлы қараймыз. 5-7 жастағы бүлдіршіндерге кейбір шаруаларды күнделікті сеніп тапсыруға болады. Мысалы, еденді сүрте салу, ыдыс жуу, гүлге су құю, тағы басқа. Бұл жұмыстар оның міндеті мен жауапкершілігін арттырады, мінезінің ұстамдылығына, мейірбан болып өсуіне ықпал етеді. "Тәрбие - тал бесіктен" деген осы.
Бірқатар адамдар бүлдіршіндерді еңбекке баулуға уақыттарымыз жоқ деп ақталады. Біздің кемшілігіміз сол - балалармен сөйлесуге онша мән бермейміз. Тез-тез киіндіріп, жылдамырақ тамағын беріп, алтын уақытымызды қор қылмауға тырысамыз. Баладан артық байлық жоқ екенін естен шығарамыз. Олардың еңбекке деген талпынысы назардан тыс қалады. Ең ұлы істер кішкенеден басталады. Енді ғана екіге толған бүлдіршінді байыптасаңыз киімдерін күшенсе де өзі киюге талаптанады. Балабақшаға алып баруға кешікпес үшін, 20-30 минут ертерек оянып, ертерек ұйқыға жатуға мүмкіндік жасаңыз.

Дағдысы ертерек қалыптаспаған бүлдіршін, 3-4 жасында да өзгелердің киіндіруін күтіп отырады. Өзгелер оны киіндіріп, шешіндіруге міндетті сияқты сезініп, соларға арқа сүйеп алады.
Қорыта айтқанда, ұстаз да, ата-ана да, тәрбиеші де бүлдіршіннің еңбекке талпынысын елеусіз қалдырмауы керек.

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы семинарлар | Просмотров: 305 | Добавил: Admin | Теги: Бүлдіршіндерді еңбекке баулу, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]