Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Жаңа жыл мерекесі
14:55
Жаңа жыл мерекесі

МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай  БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жүргізуші:
Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын, аталар.
Сергек ұрпақ өздеріннен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын, аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
(ортаға балалар шығады).
Жүргізуші:
-Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане, алдымен амандасып алайық!
Қош келіпсіз, ұстаздар мен апайлар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз - алаңсыз балғын шақты балалар!
(Қол ұстасып шыршаны айналып, өлең айтады.)
«Аппақ, аппақ жапалақтап».
Жүргізуші:
- Қане, балалар, осы Жаңа жыл мерекемізде кім жетіспейді?
- Аяз ата мен Ақшақар!
- Ендеше, ортаға Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.
(Аяз ата сөздері)
(Балалардың тақпақтары)
1. Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
2. Келді Аяз-атамыз,
Қызыққа әбден батамыз.
Оянды әне, Ақшақар,
Қарсы аламыз баршамыз.
3. Жауды міне қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ,
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті оларды.
4. Қызыл алма шапаны,
Сағындым Аяз-атаны.
Жылдамырақ келсе екен,
Бізге ойыншық берсе екен.
5. Ойна, ойна, ойнайық.
Биле, биле, билейік.
Ән-шашуын мол шашып,
Қызығына тоймайық.
6. Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Ен жарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық.
7. Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса, жаусын ақшақар.
8. Әлде қарлы боранды
Тау басына түсті ме?
Аяз-ата оралды,
Ақ тон киіп үстіне.
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз-ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Жүргізуші:
- Қандай әсем шырша, әдемі ойыншықтар, көрдіңдер ме?
- Ал, енді, балалар, Ертегіге баратын уақыт келді. «Шалқан» ертегісін сахналаймыз.
Шамиль - ата, Ерасыл - апа, Дамир - қыз, Айсұлтан - ит, Жеңіс -мысық, Рахат, Нұрболсын, Бақпер - тышқан.
Жүргізуші:
- Келесі кезекті шағын орталық балаларының тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1. Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
2. Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Жаңа жылда, жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
3. Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
4. Көрікті, бөрікті,
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Алма, анар, өрікті.
5. Қуант бізді таңырқап,
Шамдарыңды жарқырат.
Тастайық,
Жаңа жыл тойын бастайық.
6. Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
7. Шыршаға бардық,
Әсем ән салдық.
Аяз атадан 
Сыйлықтар алдық.
8. Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым
Бір жасқа енді.
Жүргізуші:
Алдарынызда шағын орталық балаларынын «Қара жорға» биі. Ду қол шапалақ!!
Жүргізуші:
Келесі ойын-жұмбақ!
1.    Қыста ғана болады,
Ұстасаң - қолың тонады.(қар)
2.    Әсем ою ояды,
Көркем сурет салады.
3.    Суға батпайды,
Отқа жанбайды. (мұз)
4.    Қанттай ұсақ, сүттей ақ.
Не екенін ойлап тап. (қар)
5.    Түнде әйнекке қонады,
Әсем ою ояды. (Аяз)
6. Ең айлакер жануар? (түлкі)
7. Ең қорқақ жануар? (қоян)
8. Балды жақсы көретін аң? (аю)
9. Ең ұзын мойыңды жануар? (керік)
10. Ең ұзақ өмір сүретін жануар? (тасбақа)
Жүргізуші:
Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті «Ертегі әлемінен» Қасқыр, жеті лақ, ешкі келіпті.
Жүргізуші:
Келесі кезекте шағын орталық балаларынын «Шоқ ұлдар» биі.
Жүргізуші:
Ертегі сахналап,
Ән айтып, би билеп,
Берді бізге балалар.
Қошеметпен қарсы алыңыздар.
«Болашақ» тобының бүлдіршіндерін!
Жүргізуші:
-Аяз ата, сізге сұрақ қоюға бола ма?
Аяз ата: Әрине, қойыңдар!
Балалар: Ал, сыйлық қайда?
(Ақшақар сыйлықтарды әкеледі.)
Жүргізуші:
Міне, біздің мереке де аяқталуға таяп қалды. Қане, балалар ортаға шығыңдар!
Балалар:
Жаңа жыл құтты болсын!
(Аяз ата қоштасады)
Жүргізуші:
Осымен Жаңа жылдық ертегіміз де аяқталды, Жаңа жыл құтты болсын. Бақыт, береке, молшылық әкелсін. Сау болыныздар! 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: сценарий балабақшада | Просмотров: 3891 | Добавил: Admin | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]