Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Қысқы пейзаж
15:13
Қысқы пейзаж

IIІ Өнер орталығы.
Білім беру саласы- Шығармашылық.
 Бөлімі:  Бейнелеу (Айдардың анасы)
Тақырыбы: «Қысқы пейзаж». (Бейнелеудің дәстүрлі емес түрлерін қолдану)
Мақсаты:
 1. Балалардың   жыл  мезгілдерінің  өзіне  тән ерекшеліктерін  ажырата білуін, түстердің үйлесімділігін  сезіну, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.
2. Табиғатты  аялай, сүйе  білуге тәрбиелеу.
3. Суретте дәстүрлі емес әдіспен сала білу шеберліктерін шыңдау.
Қажетті құралдар:  әр балаға жеке майшам, альбом беті, поролон қиындысы, ақ және көк түсті майлы бояу (акварель), қол сүртетін шүберек.
Көрнекіліктер: әдемі салынған  қысқы  көрініс суреті.
Әдіс-тәсілдер: Қыс туралы өлең оқу, суретке қарап отырып әңгімелесу, сурет салу техникасын түсіндіру, өз беттерінше жұмыстану, жеке көмек, талдау, мадақтау.
Оқылатын өлең:
«Суретші қыс».     К. Нүсіпов.
Қонақтайды  бақтарға
Ақ көбелек, ақ мамық,
Аунап таза  ақ қарға
Балалар  жүр мақтанып.
Тазартып  бар кір шаңын
Қыс өнерін бастады,
Терезеге қыраудан
Сурет салып тастады.
    Тәрбиеші қыс туралы өлең  оқығаннан кейін оған талдау  жасайды.
      Енді қысқы орманға саяхатқа баратындарын айтады. Балаларға  қыс мезгілінің көрінісі бейнеленген суретті көрсетеді. Балалар сурет желісі бойынша әңгімелейді. Осындай  қысқы  орманның суретін салуды ұсынады. Орманның  ішіндегі  үлкен және кіші ағаштардың дұрыс орналасуына  көбірек мән береді. 
       Тәрбиеші  балалардың кеңістікті  бағдарлау ережесін  естеріне  түсіреді: алыстағы орналасқан ағаштар бізге кіші, жақындағы  ағаштар үлкен болып көрінетіні туралы түсіндіреді. Жұмыстың орындалу  ретін көрсетеді.
        Алдымен  балауыз  шамның көмегімен  ағаштардың суретін салу (жауып тұрған қарды салуға болады), сонан соң ашық көк түсті бояумен, поролонды   жеңіл  сүйкей  жағу тәсілімен  суреттің  негізгі  фонын береді.
Ең соңымен  саусақтарының   ұшымен  өздері  қалған түспен суреттеріне  рама: қоршау жасайды.
       Жұмыс барысында тәрбиеші қиналған балаларға жеке көмек көрсетеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің соңында жұмыстарын талдап, ең әдемі салынған суреттерден көрме ұйымдастырады. Белсенді балаларға әдемі қиылған қар ұшқындарын сыйға тартады.
Қорытынды. Барлық орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта жасаған жұмыстарының ортаға жинап, орындалған жұмыс нәтижесі туралы әңгімелейді. Тәрбиеші балаларға рахмет айтып, мадақтайды. 
Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 2417 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]