Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Туған күніңмен, балақай
17:51
Туған күніңмен, балақай

Туған күніңмен, балақай!
ойын – сауық кеші
Зал іші мерекеге сай безендірілген, әдемі гүлдер, түрлі – түсті шарлар, жалаушалар ілінген. Күмбірлеген күй ойнағанда бүлдіршіндеріміз келеді.
Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар, ұжымдастар, кішкентай бүлдіршіндер ортаңғы топ балаларының «Туған күніңмен, балақай» ойын – сауық кешіне қош келдіңіздер!
    Балалар қараңдаршы, бүгін дала қандай керемет! Көгілдір көктем келді. Күн нұрын төгіп тұр. Айналамыздың барлығы жасыл түске енді. Құстардың сайраған дауысы. Ал, біздің алдымызда тұрған балалар қандай әдемі, бірінен – бірі өткен. Көздері күлімдеп, көңілдері тасып, ерекше нұрлануда.Өйткені, 
            Көгілдір көктемде,
             Күн нұрын төккенде.
            Бақшамызда балалардың
            Туған күні мереке.
Музыка әуенімен туған күн иелері ортаға келеді.
Балалар:
Туған күндерің құтты болсын!
Тәрбиеші:
(халық әні «Еркем – ай» әуенімен)
Еркем, еркем еркем – ай,
Еркелеген еркем – ай,
Еркелеген еркемді,
Еркелетсем бе екен – ай?
Төрге шықсын Арай қыз,
Төрге шықсын еркем – ай.
Түйдей жасты Назерке,
Бірге шықсын еркем – ай.
Еркем, еркем еркем – ай,
Айдай сұлу екен – ай.
Елдің көркін кіргізер,
Арулар болар ма екен – ай?
Төрге шықсын Бекарыс,
Төрге шықсын еркем – ай.
Өр мінезді екен – ай,
Ер намысын қорғайтын
Батыр болар ма екен – ай?
Туған күн иелері: Арай, Бекарыс, Назерке
Арай:
Тәрбиелі баламын,
Ақылдымын данамын.
Қайырлы таң, болсын деп,
Амандасып аламын.
Бекарыс:
Тәрбиелі баламын,
Ақылдымын данамын.
Баршаңызды құрметтеп,
Мен басымды иемін.
Назерке:
Тәрбиелі баламын,
Ақылдымын данамын.
Тілін алып үлкеннің
Жұмсағанда барамын.
Тәрбиеші:
Өте жақсы, жарайсыңдар. Туған күн иелері өздеріңе арналған әдемі безендірілген орындыққа отырыңдар. Енді, балаларымыздың өздерінің достарына, туған иелеріне арнаған тақпақтарын тыңдайық. 
Қосбол:
Қандай әсем сөздері,
Күлімдейді көздері.
Кн нұрына шомылып,
Гүл жайнайды жүздері.
Күннұр:
Күлімдесе көкте күн,
Нұрланады көк аспан.
Шат көңілді достардың,
Қуанышы жарасқан.
Бекзат: 
Қызығайық, саспайық
Құттықтаудан қашпайық.
Төрімізге шығарып,
Туған күнді бастайық.
Ерасыл:
Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны ерекше.
Достарымның туған күні,
Бүгінгі той ерекше.
Жансая:
Бірге ойнап, бірге күліп,
Күні бойы жүреміз.
Қалам алып, сурет салып,
Би де билей білеміз.
Ән: «Баубақша белдер»
Тәрбиеші:
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар. 
Өзі ақылды, өзі аппақ,
Балдай тілі тәп – тәтті ақ.
Әже, мама, папасының
Атасы мен ағасының
Айы кім?
Балалар:
Арай.
Тәрбиеші:
Жүгіріп шығып алдыңнан,
Қуана сәлем беретін.
Жатырқамай еркелеп,
Бәрін жақсы көретін
Бұл кім?
Балалар:
Назерке.
Тәрбиеші:
Қабырға, еден, есікке,
Сызып сурет салатын.
Бүгін бізді қуантып,
Төрт жасқа толатын 
Кім екен?
Балалар: 
Бекарыс
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар!
Олай болса Арайды,
Олай болса Назеркені,
Еркетай бала Бекарысты
Құттықтаймыз бәріміз.
Бүгінгі той иесі – 
Арай біздің сәніміз,
Назерке біздің әніміз,
Бекарыс біздің еркеміз.
Ән: «Топ – топ балақан»
Асылай:
Ең жақсы қыз топтағы,
Арай екенін білемін.
Оның жақсы мінезін,
Үлгі тұтып жүремін.
Бауыржан:
Бекарыс біздің ақкөңіл
Елгезек бала тілалғыш
Осындай бала өсірген,
Анасына мың алғыс. 
Тұрлан:
Күтіп жүрдім менде күнде
Осындай той болады деп.
Ойлап жүрдім Назерке қашан
Төрт жасқа толады деп.
Ән: «Қошақаным»
Қимыл-қозғалыс ойын: Кім шапшаң?
Ойынның мақсаты: Үрілген шарларды жару, кім көп шар жарды?
Би: «Қуыршақтар»
Таңғажайып сәт: Күлдірген келеді.
Күлдірген: 
Сәлеметсіздер ме балалар!
Мерекелерің құтты болсын!
Мен туған иелеріне сыйлық алып келдім. Балаларға сыйлықтар беріледі.
Ән: «Бәрімізге мереке»
Тәрбиеші:
Балалар біздің бүгінгі ойын – сауық кешіміз өте жақсы қызықты өтті. Туған күндерің құтты болсын! Дендерің сау болсын! Сау болыңдар!  

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы мерекелік іс-шаралар | Просмотров: 3571 | Добавил: Admin | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]