Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Менің елім – Қазақстан
16:40
Менің елім – Қазақстан

Тәрбиеші:  Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен » балабақшасы 
Тақырыбы: «Менің елім – Қазақстан»
Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің нышандарының қойылуы себебі жайында толық мәлімет беру. Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: мемлекетіміздің Рәміздерінің, Астана қаласының суреттері. 
Қолданатын құралдар: түрлі түсті қағаз, желім.
Амандасу шеңбері:  «Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді» 
Тәрбиеші:     Амансыңдар ма, достарым!
Балалар:       Сәлеметсіз бе, апай!
Тәрбиеші: Қане, балалар, шеңберге тұрайық, бір-бірімізге алақандарымыздың жылуын беріп, жақсы тілектер айтайық. 
-    Күніміз шуақты болсын!
-    Аспанымыз ашық болсын!
-    Көк туымыз биік болсын!
-    Елімізде тыныштық болсын!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің елім - Қазақстан» деп аталады. 
-    Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?
-    Қазақстан Республикасында тұрамыз. 
-    Қазақстанның елордасы қай қала?
-    Астана.
-    Елбасымыз кім?
-    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-    Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
-    Иә, олар Әнұран, Ту, Елтаңба.
Ендеше кім Рәміздер туралы өлең айтып береді?
Даяна:       Рәміздеріміз – елдігімнің белгісі,
        Білу керек балаға дейін ең кіші.
Архат:          Әнұраным – жан ұраным,
           Айтар әнім, сөйлер сөзім. 
Балалар:      Қазақстан Республикасының Әнұранын хормен орындайды.  
Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ,
                      Уықтары шаншылар.
    Керегелер керіліп,
    Өрімдей боп өрілер,
    Бәріміз жүрсек айналып,
    Киіз үй боп көрінер.
Тәрбиеші: Балалар, кім Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер біледі?
Арсылан:   Отан оттан да ыстық. 
Аружан:    Туған жер – алтын бесік.
Саян:         Отан – елдің анасы.
Қортынды: Логикалық ойын «Кім жылдам?»
Мақсаты: Көк туды құрастырып, желіммен ақ қағазға жабыстыру.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 1751 | Добавил: Admin | Теги: ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]