Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Ұлыстың ұлы күні Наурыз
02:50
Ұлыстың ұлы күні Наурыз

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Қазақ мектеп - гиназиясы 
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Байдуллина Раушан Нұржанқызы

 

Тақырыбы: Ұлыстың ұлы күні.
Мақсаты: 1.Балаларды Наурыз мерекесімен, қазақтың  салт-дәстүрімен  таныстыру.
             2.Өлеңдер, ертегілер, ойындар  арқылы балаларға қазақтың
 салт-дәстүрін таныту.
             3. Өз салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, тақырыпқа сай кабинет жабдықталған, нақыл сөздер, ұлттық бұйымдар, ұлттық тағамдар,
Барысы:
Кіріспе: Наурыз жыл басы, көктем мейрамы, яғни Ұлыстың ұлы күні. Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, дастархан жайылады. Халық бір-бірін мерекемен құттықтайды. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салынып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады. 
    Халық түсінігі бойынша Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Бұл түні «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондырады.

Би: Қаражорға

Тақпақтар:

1.    Ұлыс күні қар еріп,                
           Сай саланы сындырар                      
           Дүние біткен гүлденер                     
           Жыл басы Наурыз мереке            

2.    Наурыз келді Құт болып
          Мына бізге сүт болып,
          Аққа аузымыз толады
          Бір жақсылық болады
 
Ойын: Арқан тарту
Арқан тарту- халық арасында ертеден келе жатқан танымал оындардың бірі. Көп күш жұмсалатындықтан арқан тартуға көбіне ер адамдар қатысады. Ойын өтетін жер тегіс болуы шарт.

Тақпақ: 
Наурыз тойын әдемі                 Наурыз күні күлімдеп
Әжем еске түсірді                 Шықты бүгін шығыстан
Біздерге арнап әдемі                 Қарға қалған тұншығып
Наурыз көже пісірді                 Жанданады тіршілік

 


Салт-дәстүр
Әр ұлттың өзінің салт- дәстүрлері болады. Мысалы қазақтың салт- дәстүрлері: шілдехана, тұсау кесу, сүндет той, қырқынан шығару, келін түсіру, бесікке салу т,б.
Бүгінгі көрсетілетін салт-дәстүр бесікке салу.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақөсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?
Тағы бір нұсқасы:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін. 
Тақпақ: 
Наурыз дала гүлімен                        Қасиеті көп дейді
Жүрек әні қосылды                  Татып көрдім мен өзім
Жас қайыңның берілген               Әлі аузымнан кетпейді
Өмір күні қосылды                  Дәмі Наурыз көженің

Ойын: Күш сынасу.
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
Ән: Дастархан

Наурыз көже- Ұлыстың ұлы күні әзірленетін ас. Наурыз көже аса қасиетті ас болып саналады. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен дайындалады:
1.Тұз
2.Су
3.Ақ құрт, қатық, айран
4. Ет
5.Кеспе
6. Бидай
7. Күріш не тары
Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатамыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып,. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға айранмен қосып араластырамыз.
Қорытынды:
Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды.
Ән болып асыл,
Даңқыңды асыр
Ғасырдан ғасыр - дегендей
Құрметті қонақтар, балалар көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін.Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Пән: Математика
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1.Өткенді қайталау еске түсіру.10 мөлшерінде тура 
                                        кері санауды , заттың қасиеттерін, геометриялық 
                                        фигураларды қайталау.
                                      2. Білімдерін бекіту бақылау еске түсіру қабілетін 
                                      дамыту
                                      3. Шапшандыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер

1.Сабақтың барысы:
Психологиялық сәт
Ару көктем армысың!
Көкке біткен әнбісің,
Жерге біткен сәнбісің,
Алтын арай танбысың
Қош келіпсің армысың!

2.Сұрақ-жауап
Біздің Республикамыз қалай аталады
Қандай қалалар бар
Балалар бүгін біз Астана қаласына саяхатқа барамыз.Астана қаласына немен барамыз. Астана қаласына саяхат жасау үшін тапсырмалар орындауымыз керек.
3.Петропавл қаласының тапсырмасы
Тура кері санау.
Сандардың көршілерін табу.
4.Көкшетау қаласының тапсырмасы
Заттарды салыстыр.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ-топ-топ.
5.Астана қаласының тапсырмасы
Оқулық дәптермен жұмыс.
Логикалық тапсырма.
Пішіндерді атау және әр түрлі заттар құрастыру.
6.Астана қаласының суреттерін көру
7.Сабақты қорытып, балаларды мадақтау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: сценарий балабақшада | Просмотров: 2314 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]