Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын
17:19
Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын

Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!


Жүргізуші:                      Армысыздар  аяулы аналар!
1-бала:                            Армысыздар мейірімді әжелер!
2-бала:                             Армысыздар қызғалдақтай    құлпырған қыздар!
Жүргізуші:                      Ана десем  сезім билер тым ыстық,
                                          Жарасады адамдарға туыстық.
                                          Бар адамға берсе ананың мейірімін,
                                         Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
1-бала:                               Құрметтейік балалар аналарды    
                                            Бізді өмірге әкелген даналарды
                                            Себебі ана деген асыл жан ғой
                                            Ойлауменен істелік әр қадамды.
Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
2-бала:                                Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
                                            Қазақ қызы әдепті де әдемі.
                                            Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
                                            Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анамызбен данамыз
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын,
Аналарға бір ән саламыз.
  Балалардың бәрі 
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық,мол бақыт, Тілейміз біз балалар! 
Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»
Жүргізуші : Кішкене бүлдіршіндеріміздің орындауында  «Бәйшешек» биі
1-бала:----------,білесің бе?Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.
2-бала: Неге, сиқыршы келе ме?
1-бала: -Жоқ, таппадың.
2-бала:-Ә,таптым,таптым.Қайрат Нұртас келетін шығар?
1-бала: -Жоқ------------, Аналарымыз бүгінгі мерекеге қатысыды
Жүргізуші : Ия, дұрыс айтасыңдар,Құрметті қонақтар, «Ана сарқылмайтын бұлақ,бала бауырында өскен құрақ»: «Ана балаларға шуақ шашар күні болса,бала ананың  жауқазындай жайнап өсер гүлі»-деген қанатты сөздер ана мен бала арасындағы жіптің үзілмеуіне дәнекер болсақ деген ниетпен ұйымдастырып отырмыз.Қазір сіздердің қол соғып, қошететтеулеріңізбен ортаға сайыскер аналарымызды шақырайық!
(Көңілді әуенмен  сайыскер аналар кіріп, арнайы дайындалған орынға жайғасады.)
Ардақты сайыскер аналарымызды таныстырып өтейін,сіздер Бинготроннан бақыт силар реттік сандарыңызды ала қойыңыздар.
(Әрбір қатысушы ана Бинготроннан өз реттік нөмерін алады,сол реттілікпен жүргізуші сайыскерлерді таныстырады.)
1.----------------------------------------------------------------------                6.---------------------------------------------------------------------
2.---------------------------------------------------------------------                 7.---------------------------------------------------------------------
3.----------------------------------------------------------------------                8.----------------------------------------------------------------------
4.---------------------------------------------------------------------                 9.-----------------------------------------------------------------------
5.---------------------------------------------------------------------                10.------------------------------------------------------------------------
1-бала:- Күлімдеген көзі,
             Күннің нұрындай
2-бала: -Мен ол көзді танитын сияқтымын.
1-бала: -Қой,ей, ол кім болды екен?
2-бала: «Күнім»- деген сөзі
               Ақын жырындай-Әрине біздің қамқоршымыз,анамыз  апайға сөз береміз!
Жүргізуші:-.Сайысымызды бастамас бұрын төрелік етуші  әділ қазылар алқасымен  таныс болайық! (Таныстырады)
1.------------------------------------------------------------------
2.------------------------------------------------------------------
3.-----------------------------------------------------------------
4.-----------------------------------------------------------------
5.------------------------------------------------------------------
Жүргізуші:- Аналарымыз сайысуға дайын тұр.Енді баларды ортаға шақыру үшін бір ойын ойнап жіберейік
Ойын: «Аналардың балаларды табуы»
Барлық балалар шеңбер құрып тұрады.сайыскер аналар көзі байлаулы күйінде шеңбердің ортасында тұрып,қолымен сипалап,иіскеп,т.б.өзіне ыңғайлы жолмен өз баласын табуы керек
Жүргізуші : Тапқыр аналарыңа арнап өлең шумақтарыңды айтып беріңдерші.
1.Ою өрнек тереді
Салмақ салып оюлап.
Басы ауыра береді,
Шәй ішпесе қоюлап.
2.Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі 
Маған айтып береді.
3.Мен  гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын,
Апашымды силаймын
4.Апам ыдыс жуады,
Мінезі оның биязы.
Ол барынды тұрады,
Жайнап үйдің жиһазы.
5.Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бірінен де жақсы адам..
6.Алақай-ау,алақай
Үйге келді маматай
Міне қандай тамаша
Мәз мейрам боп қаламыз
7.Күнде осылай шыдамай
Қарсы аламын мамамды
Құшақтаймын қуана
Ең әдемі адамды
8.Ай қабақты анашым,
Күн сәулелі мамашым
Әлпештеген баласын 
Айналайын анашым.
9.Ана өмір шырағы,
Ана өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр әні 
Жүрегімде тұрады.
10.Атам менен әжемді
Өте жақсы көремін
Кешке қолым бос кезде
Өлең айтып беремін.
Ән «Анашым қартаймашы жалынамын»әнді орындайтындар
Жүргізуші: Аналардың құрметіне «Қуыршақ» биі.Қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:-.Аналарымызға екінші тапсырма мынадай.
Балаларыңыз  қастарыңызда,көңілдеріңіз тоқ,уайымдарыңыз жоқ.Ендеше қазір біз балаларыңызды  айналып толғанғанда қолданатын сөздеріңіздің қорын байқағымыз келеді.Байқау шарты бойынша  бір айтылған сөз  қайталанбауы керек және көп ойлануға болмайды.Әр сөзден кейін бір адым жасап,межелі жерде тұрған балаларыңызға тез жетулеріңіз керек.Сайыскерлер кезкгімен ортаға шығады,мүдірген аналар орындарына жайғасады. 
1-бала: Нан да әкеп беремін 
Би де  билеп беремін 
Өйткені мен анамды өте жақсы көремін 
2-бала : Ендеше не тұрыс,билеп берейік
Жүргізуші: Біздің бишілер «Үнді биінен попури жасайды»Қабыл алыңыздар»
Жүргізуші:                                Гүлдей жайнап тұр өңі
                                                   Мейірлене күледі
                                                   Үйдегі бар шаруаға
                                                   Үлгіреді бір өзі
                                            Аналар сіздермен ойын ойнасақ.
Ойын шарты бойынша үйдегі күнделікті атқаратын  тірліктерін пантомимо арқылы көрсетеді.Ол үшін  мына конверттерден өз қалауларыңызбен біреуін таңдаңыздар Анасы понтомимомен канвертте берілген тапсырманы бейнелейді,балалар қандай қимыл екендігін табуларың керек
Жүргізуші. –Асқар тау,биігіміз сенсің- әже
                   Жүрегің теңіздей кеңсің- әже
                  Ұл қызың армансыз болар еді
                  Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең- әже

Екеуі:         : Аналарды сүйеміз 
                 Сөзін ойға түйеміз
                 Әжені де ардақтап,
                   Әдеппен бас иеміз
2-бала: О,балалар,алақай! Әжеміз келе жатыр.Жоғары шығыңыз отырыңыз.
1-бала : Сізге арнап,бүлдіршіндер өлең шумуқтарын айтып береді.
1.Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге 
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне
                                           (Одеял жабады). 

2.Жұмсайды әжем мені де,
Тауыққа жем беруге
Ауырады кей кезде,
Аяғы да белі де 
                                          (қолын аяғын уқалайды)  
3.Біз дәрісін табамыз
Қамқорлыққа аламыз
Әжемізді өзіміз 
Демде емдеп аламыз.
                                    (Дәрі беріп,су береді)
Жүргізуші. Жарайсыңдар бүлдіршіндер! «Ақ әжем» әнін әжелеріне арнап орындап береді
Жүргізуші. –Ана дегеніміз-өмірдің  бастауымен  таусылмайтын жалғасы. Ана тіршілік көзі,үлкен тағдыр,махаббат пен шабыттың нәрі балалар.
1-бала: Ендеше,біздің балалар,ана туралы  ән айтып берсін 
                             «Апатайым анашым»әні. Әнді орындайтын:
Жүргізуші: Біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған көрінісін тамашалаңыздар.
1-бала : Бәрін жайғап таңертең
Жұмысына барады.
Қайтарында дүкеннен ,
Керектерін алады.
Бәрі:       Жоқ-жоқ ,біздер анасыз,
Өмір сүре алмаймыз.
Анамызды ешқешен,
Ренжітпейік ендеше.
2-бала: Бірақ кейде өзімді,
Сотқарлығым жеңеді.
Ішім пісіп кей кейде,
Айқайлағым келеді.
3-бала: Ойыншықты сындырам,
Рұқсатсыз қыдырам.
Басып ылғи балшықты ,
Киімімді кір қылам.
4-бала: Ролін ойнап балықтың
Жуынудан жалықтым.
Бақша үшін таңертең,
Оянудан жалықтым.
5-бала: Арманыма жетсем ғой,
Аң боп шіркін кетсем ғой
Балалар: Мен де...-Мен де.....
Бәрі:-Айналамыз ендеше.(музыка әуенімен аңдарға айналады.)
Қоян:: -Алақай,Біз енді ,алақай
Анасын тыңдайтын
Емеспіз балақай.
2-қозы: Біз де қозы боламыз
Ойынға бір тоямыз
Тұра салып таңертең,
Тіс жууды қоямыз.
Барыс:-Қандай рахат балалар,
Барыс болдық қараңдар.
Қыз бала: Бұрынғыдай мені анам,
Көтергісі келмейді.
Шаршасаңда өзің жүр,
Үлкен болдың сен дейді.
Ұл бала:Қалжыңы деп күлмеңіз,
Енді біздер үлкенбіз
Жүргізуші: Ой, балалар қойыңдар.Сендерді әкетуге кешке аналарың келгенде не деймін?
Ана:Мынау менің балам ба? Келе қойшы анаңа.
Ұл бала: Бала емес үлкенмін 
Тәттілерден жалықтым
Дүкенге жүр демеймін
Енді кәмпит жемеймін.
Ана: Қойшы балам
Әкеңе мен не деймін?
Ренжімеңіз ,бәрібір,
Қоян болып қалам мен.
Ана : Ойлан балам қайтып келіп алам мен.(кетеді)
Бәрі:-Алақай,алақай!
Күні бойы ойнаймыз
Еркіндікке тоймаймыз
Қасқыр:-Аш қалам деп қам жемен,
Өріп жүр ғой аң деген.
Жасырына тұрайын,
Жоспарымды құрайын.(тығылады)
Қасқыр:-Әй үшеуің кел бері!
Жеп алайын сендерді.
1-қозы: Енді қайттім қорқамын
Қайда қалай жортамын?
2-қозы: Ап арықпыз ,әлсізбіз,жемеңізші дәмсізбіз.
Қозылар:Үлкен болдың құтқаршы
Анау қасқырды ұсташы.
Мен көмекке келе алмаймын,
Ол үлкен ғой жеңе алмаймын.
Қасқыр:-Енді қайтер екенсіңдер?
Бәлкім бері келерсіңдер
Қозылар:-Үлкен әке болдың ғой сен 
Сұм қасқырдан құтқарыңдар.
Ұл бала: Қорғар едім бұл шыным
Жоқ болып тұр мылтығым.
Қасқыр:-Азық болу қасқырға 
Сендер үшін бақыт қой
Болыңдар тез дәл қазір
Ас ішетін уақыт қой.
Бәрі: -Анам ғана мен үшін,
Шарлар еді жер үстін.
Алар еді сыпырып,
Сұм қасқырың терісін
Айналсам ғой балаға....
Барғым келеді анама!(Бәрі қолдарын басып, жылайды)
Қасқыр:-Ой енді бұлар жылауды бастайды.Ал жыласа бірден арықтап, былжырап шыға келеді.Қой жылағандарын қойғанша күте тұрайын.
Жүргізуші:Балалар неге мұңая қалдыңдар?Өздерің емес пе «Аң боламыз»деп еркіндікті аңсаған.Міне жаңа аң аналарың келді.Билеп көңіл көтеріңдер. (билейді)
Жүргізуші: -Ал,балалар жаңа аналарың қандай екен?
Балалар бәрі:Бетімізден сүймеді
Жымимады ,күлмеді.
Сипамады басымнан
Кетіп қалды қасымнан
1-қозы: Шын анамыз өйтпес еді,
Қасымыздан кетпес еді.
Бізді көрсе күлер еді,
Бетімізден сүйер еді.
2-қозы: -Болды бітті,
Қозы болғымкелмейді.
Ана рөлінде ойнаған қыз:-Біз кішкентай қыздармыз(орамалын шешеді)
Әке рөлінде ойнағеан бала:-Біз кәдімгі ұлдармыз
Бәрі: -Күндей күлген анамның 
Баласы боп қаламын!
Құшағыңды аш анашым,
Мен өзіңе барамын!(аналарына барып құшақтайды).
Жүргізуші. «Аналар  вальсі»
Жүргізуші.: Сайсымыздың соңғы түрі шапшаңдық пен ептілікке арналады. (Аналарға үлкен киім кигізіледі,балалар,аналарының сол киімінің ішіне барынша көп шар жинау керек)

Марапаттаулар,құттықтаулар
Жүргізуші.Демеңіз біз өнерді аяп қалды 
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен сайысымыз аяқталды 
2-бала: Хош сау болыңыздар!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: сценарий балабақшада | Просмотров: 1670 | Добавил: Admin | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]