Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Көктем
17:50
Көктем

БҚО, Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Қатынас  білім беру саласы
Бөлімдері: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Көктем»
Тәрбиеші:  Досмуханова М.Е
Қатынас  білім беру саласы 
Бөлімдері: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Көктем»
Уақыты: 11.03.2014 ж.
Мақсаты: 
    Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту. 
    Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп  айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету. 
    Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстардың, көктем мезгілінің суреті, бүршік жарған бұтақ, үлестірмелі суреттер. 
Іс – әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің іс – әрекеті    Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы    Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, амандасу.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
 Олай болса балалар кім бізге табиғат туралы тақпақ айтып береді.
Аружан: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Айым: Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
Балалар, қазір көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жақтан құстар ұшып келді. Енді мына кішкене құс арқылы бір - бірімізге жылы тілектер айтайық. Шеңбер бойында ойыншық торғайды ұсынып бір - бірлеріне «жылы жүрекпен» өз тілектерін айтады.    
-Көктем мезгілі


Аружан: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Айым: Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!

Балалар жылы тілектерін білдіреді.
Іздену ұйымдастырушы         Балалар тақтадағы суреттерге қарап,оларды атап, алғашқы дыбыстарынан сөз құрайық.
(Көбелек,өрік,кітап,таға,есік,машина)
      
-Балалар қандай сөз шықты?
Дұрыс-ақ «Көктем». Бүгінгі өтілетін оқу іс – әрекетінің тақырыбы «Көктем» екен. 
Тақтаға назарларыңызды аударыңдаршы балалар, көктем мезгілі бейнеленген бірнеше суреттерді қарап сипаттайық.
    Көктемде неше ай бар?
    Қай айдан басталады?
    Жерде,далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?
    Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшыпкеледі? (Ұзақ,торғай, су құстары)
    Көктем гүлдерін білесіңдер ме?
    Оқулықпен  жұмыс
Т.Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріп шығу.
    Сөздік жұмысын жүргізу
Шартылдайды – сартылдайды – тарсылдайды.
Қып – қызыл отпен белгі – бұл жерде найзағайдың көрінісі көрініп тұр.
Өпкен жел – бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.

    Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.

Дидактикалық ойын. «Көктемгі гүлдер»
Шарты: Себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлі сипаттайды. Мысалы: Бейәшешек, қызғалдақ.
Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салу.
    
-Көктем
Балалар назарларын суреттерге аударып әңгімеге өз ойларын қосады.
Балалар сұрақтарға нақты жауап береді. 
- Ұзақ,торғай, су құстары
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Көктемгі табиғат өзгешеліктері туралы өз ойларын ортаға салады.
Көктем гүлдерін атайды.


Дәптердегі үлгіге қарап, суреттерін бояйды.

Рефлексивтік түзетушілік    Сұрақ – жауап әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын қалай түсінгендерін сұрап шығу. 
Оқу іс- әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.    Балалар сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағалармен бағаланды. 

Күтілетін нәтиже
Нені біледі:Көктем мезгілі туралы білді.
Нені игерді:Әңгімеге өз ойларын қосып,сұраққа нақты жауап беруді игерді.
Нені меңгерді: Табиғатқа қамқор болуды меңгерді.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 2827 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]