Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Балабақшамен қоштасуына арналған ертеңгілік(Біз мектепке барамыз!)
15:41
Балабақшамен қоштасуына арналған ертеңгілік(Біз мектепке барамыз!)

Біз мектепке барамыз!
     Залда «Бақытты балалық шақ» әні естіліп тұрады.
    Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,бүгінгі біздің мерекеміз ерекше,себебі бүгін екі жыл мәпелеп өсірген,тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,мектепке шағырып салғалы отырмыз. Әрине,бұл да үлкен той,тойларыңыз құтты болсын!
    Балалардың балабақшамен қоштасуына арналған ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.(Әр баланың ерекшелігіне тоқтала отырып,оларды ортаға шақырамыз)
     Мектепшілік барлық іс-шараларға белсене араласып,бірнеше жүлделі орын алып жүрген ,шағын орталығымыздың әншісі-Ақерке.
Бақшамыздың атақты бишілері: Аружан мен Фарида.
Болашақ үздік оқушылар Сабит пен Жасұлан.
Бақшамыздың споршы бүлдіршіндері Мирас пен Рүстем
Тобымыздың кербез сұлу қызы-Сабина.
1-Жүргізуші:
Құрметті қонақтар,армысыздар,
Бәріңіз есен-сау бармысыздар?!
Қоштасатын күн келді бақшаменен,
Апайларға айтатын алғысым бар.
2-жүргізуші
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеп пенен өнегені үйреткен
Бақшамызды есімізде сақтайық!
Ән «Біз бақытты баламыз»
Сабит :
Бақшадағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Тәрбиеші еңбегін,
Бәрімізде ақтаймыз.
Жасұлан:
Бақшамызды ұмытпай,
Келіп-кетіп тұрамыз.
Сондай кезде апайлар
Қалады ғой қуанып.
Аружан:
Үлкендердей тап-таза,
Жағамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз.
Жүретіндей мақтана.
Ән «Айгөлек»
Фарида:
Ана тілін ардақтап,
Ана салтын біз көрдік.
Сурет салып,ән  жаттап,
Оқып,жазып үйрендік.
Жүргізуші:
-Балалар ,біз қаншаға дейін санай білеміз?(балалардың жауабы)
-Қане ,олай болса бәріміз жайлап санайықшы (санайды)
-Ал кім кері қарай санай біледі екен(кері қарай санайды)
Дидактикалық ойын «Әрі қарай сана»
Мақсаты: Балалардың берілген кез екелген санды әрі қарай жалғастырып санап кету біліктіліктерін бекіту.Зейінділікке ,шатаспай дұрыс санауға баулу.(тапсырма 2-3 балаға беріледі).
 Залға «Бестік»кіреді,сәлеметсіңдер ме балалар?  Мен  сендердің достарыңмын,менің атым «Бестік».Мектепте мен сендердің достарың боламын. Сендердің мектепке дайын екендеріңді тексеру үшін бірнеше тапсырма алып келдім.
1-ші тапсырма:
Кім маған жақсы санамақты мәнерлеп айтып береді?
Сабит: 
Бір дегенім-білім,
Екі дегенім-елім,
Үш дегенім-ұшақ,
Төрт дегенім-тұсақ,
Бес дегенім-бастау,
Алты дегенім-астау,
Жеті дегенім-желім,
Сегіз дегенім-сенім,
Тоғыз дегенім-торқа,
Он дегенім-оңқа,
Үлкендерден сұра ,түсініксіз болса.
Бестік: Ал ,енді кім қандай жаңылтпаш айтып бере алады?
Мирас:
Қара майлы қарағайды,
Кесейін бе,кеспейін бе?
Қазықтағы қара тайды,
Шешейін бе,шешпейін бе?
Бестік:Балалар ,сендер өте білімді,өнерлі балалар екенсіңдер,әрқашанда осындай бола берулеріңе мен тілектеспін.
Ән «Біз мектепке барамыз» (барлығы бірге)
Би «Бүлдіршіндер вальсі»
Тәрбиеші :
Өсті ақыл –ойларың,
Өсті,міне бойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!-дей келе мен сендерге шағын орталықта өткен барлық іс-шаралардың естелік фото суреттерін буклет ретінде сыйға тартамын,ендігі құттықтау сөзді атаналар комитетіне жйне мектеп әкімшілігіне беремін.
   

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: сценарий балабақшада | Просмотров: 2308 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]