Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
01:48
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі

№ 4 ясли – бақшасы
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
Тәрбиеші: Қ.Баймолдина
Талдықорған қаласы 2014ж
 «Қазіргі  заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі  жаңа білім беру өте қажет »
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу, әр педагогтың күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісін жаңара отырып, балалардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту,  қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда педагог                 іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. 
Педагог үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса –оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ.
Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.
Осы орайда балалардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін, тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру керек.
«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел 
болашағы-жас ұрпақты жаңа  инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет.
Оқыту барысында инновациялық технологияларды пайдалану балалардың ойлана білу қабілетін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.
Білім берудің тиімділігін артттыруда озық технологиялардың ішінен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың өмірлік дағдылары мен жаңа білім, біліктерін қалыптастырып, дамытуда қолданыстажүрген және инновациялық технологиялардың артықшылықтары мен ерекшеліктерін қосымша кестеден көруге болады. 
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. 
Қазіргі кезеңде білім ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.  
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі 
балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. 
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. 
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтың міндеті.
Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты-мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді,
 педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Өмірлік ұстаным

“Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы – бүгінгі ұстаздың қолында”.
 
                                              Н.Ә.Назарбаев.
Тақырыбы:
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
Теориялық бөлім “Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мазмұны”
Интерактивтік бөлім “Сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тәсілі”
Мақсаты: 
Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, балалардың  танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру,  шығармашылық іс - әрекетінде қабілетті, еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Міндеті:
Дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі – білімде. 
Сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тәсілі
Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі тәрбиеленушілер, ертеңгі орта білім беретін оқу орындарының білім алушылары, өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі – “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту”.
     СТО-ды дамыту  әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
1. Қызығушылығын ояту:
Бұл кезеңде баланың тақырып туралы не білетіндігі, белсенділігі анықталады, баланы сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту.
2. Мағынаны ашу:
Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою арқылы, балаларды жаңа сабаққа тарту.

3. Ой толғаныс:
Қорытындылау


Сын тұрғысынан оқыту технологиясы көптеген стратегиялардан тұрады.
Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі:
•    Ой шақыру
•    Бес жол өлең
•    Топтастыру
•    Венн диаграммасы 
Интерактивтік бөлім
 “Сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тәсілі”
Бала тілі – бал демекші, баланың айтқан тақпақтары, әңгімелеуі бізді сүйсіндіреді. Бірақ өкінішке орай, кейбір балалардың байланыстыра сөйлеуі, тақпақты тұрақты есте сақтай алмауы кездеседі. Бірақ қай бала болмасын сурет салғанды жақсы көреді. Сондықтан біздің «тіл дамыту және көркем әдебиет» деген пәндерімізді оқытқанда, мен өз тәжірибемде схемалық суреттерді қолданамын. Бұл әдістің балалар оқығанды есте сақтауына көптен – көп көмегі бар. Қазір сіздерге кеңес ретінде мастер – класс өткізгім келеді. Бүгін біз «Көктем» тақырыбына кішкентай жұмбақ-тақпақ жаттаймыз. (Әдетте алдымен оқып беремін, одан кейін балалармен талдаймыз)

«Ой шақыру»

Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайда толады.
Күн ұзарып, жылынады,
Бұл қай кезде болады? 

/ Көктем/ 
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (көктем) 
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар? ( толық жауап алу) 
- Кім маған жыл мезгілдерді атап береді ( күз, қыс, көктем, жаз) 
- Бір жылда неше ай бар? (бір жылда он екі ай бар) 
- Кім маған ай аттарын атап береді? (Атайды) 
- Бір айда неше апта бар? ( толық жауап алу) 
- Бір аптада неше күн бар? ( толық жауап алу, атап беру) 
- Жарайсыңдар! 
- Балалар, осы бізді не қоршап тұр? (Табиғат) 
- Дұрыс, ал табиғатқа нелер жатады? (адамдар, жануарлар, өсімдіктер,   құстар ...) 
Алдарыңда нелердің суреттері жатыр? (құстардың)
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жыл құстары»  

Тақтаға орманшының суреті ілінеді.

“Қызығушылығын ояту”

“Мағынаны ашу”
(сұрақ – жауап арқылы)

- Құстарды жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып бөлінеді.
Жыл құстары жайлы не айта аламыз?
- Жыл құстары олар жылы жаққа ұшып кететіндер.
Қыстап қалатын құстар жайлы не айтуға болады?
- Олар қысы жазы өз мекенінде тіршілік етеді.
- Құстар қыста немен қоректенеді деп ойлайсың?
Ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді.
- Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?
Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.

“Бес жол өлең”
“Ой толғаныс”
•    Д/о  “Шешуін тап” 
(Құстарға байланысты жұмбақ жасыру)
 Ойын « Шешуін тап» Құстар жайлы жұмбақ жасыру.
1. Бір-ақ уыс көлемім
Шыбын-шіркей қорегім
Бау-бақшаны қорғаймын
Ал атым ше? (Торғаймын)
 
2. Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)
 
3. Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Жүреді қанаттарын жиып алып. (сауысқан)
•     

4. Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, - деп.
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)
•     
- Балалар ағашта қай құс қалды?
- Қарлығаш.
 
- Ол қандай құс?
-  жыл құсы.

•    Сергіту сәті
•    Тырна келді тыраулап,
Тіліп өтіп аспанды,
Қаздар көлде жүр ойнап,
Көктем айы басталды. (қимылмен көрсету )
Құстардың суретіне қарайық, қандай құстар қалды, оларды атау.
(Карточкалар үлестіріледі). Дұрыс жауап беру арқылы ағашымызға, көлімізге жан бітеді.
Құстарды топтастыру
•                 
Берілген тақырыпты қорытындылау, нақтылау.

Сабақты сын тұрғысынан жоспарлап өткізу мынандай нәтиже береді:
•    - балалардың бір – бірімен қарым – қатынас жасай білуге үйренеді;
•     - басқаларды тыңдауға;
•    - өз ойын топ алдында ашық айтуға;
Ең бастысы сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.
“Сын тұрғысынан ойлауды” дамыту технологиясымен жұмыс істегенде, баланың танымдық белсенділігі, шығармашылығы артады. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы жобалар | Просмотров: 6426 | Добавил: Admin | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]