Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Алтын күз
17:39
Алтын күз

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты: балалардың күз туралы түсінігін кеңейту,
                                          Алтын күздің ерекшеліктері туралы 
                                          әңгімелеу.  Суреттер бойынша әңгіме 
                                          құрастыру арқылы балалардың тіл 
                                          байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық 
                                          жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер, геомет-
                                       риялық пішіндер, жеміс-көкөністер,
                                       үнтаспа.
Сабақтың әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын,
                             сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп 
                                  қалыпты.Олай болса, барлығымыз
                                  орнымыздан тұрып амандасайық.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн туды,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?


- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.
Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)
-Күз  мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға  келе жатырсыз.
Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір  кезде жаңбыр жауып  кетеді. Адамдардың кейбіреуі  қолшатыр ұстап  барады.
-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.
Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
    -Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтарын тыңдау.
Суреттер бойынша әңгіме құрастыру(  сұрақ-жауап арқылы)
Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?
Есікті қағып  «Алтын күз» кіреді.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз»  келіп қалыпты.
-«Алтын күз»: - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.
- Күзде құстардың бәрі  бірдей ұшып кетеді ме?
-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.
( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
-    Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!
  Сергіту сәті:              Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-« Алтын күз»  сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?
« Алтын күз»:- Балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»
Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.
« Алтын күз»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Енді 
                         мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып,
                          тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!
-    Сау болыңыз!
-    Балалар, сендерге  « Алтын күздің» ойындары мен тапсырмалары ұнады ма?

Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы мерекелік іс-шаралар | Просмотров: 5239 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]