Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Алтын күз
01:09
Алтын күз

                       МКҚК «ЕрТарғын» балабақшасы

 


« Алтын күз, әсем айналам,
   Еліне береке сыйлаған»

 

Тобы: «Балдырған»
Тәрбиеші:  Ережепова Э.  

 


    
                     Қызылорда, 2013жыл


Жүргізуші:               Қарсы алайық бәріміз,
                                 Жасымыз бен кәріміз.
                                 Қырдан кепті қыдырып,
                                 Алтын күзге бізге нұр төгіп.

                      Тілегім аман болсын ел іргесі,
                      Алтын күз қайта келді берекесі.
                      Молшылықтың жаршысы бола білді,
                     Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                   Бізге қонақ келмекші
                   Сендерді бір көрмекші
                    Әуелі жұмбақ жасырам
                    Қулығымды асырам.
                   Таба алсаңдар шешімін
                   Қонағымды  ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
1.    Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелдейсін халқымыз.    Ақпейіл
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген. 

2.    Ақтарады мырза күз, уылжыған жемісті,
Күзге бізде ризамыз, аянбаған ел үшін.    Санжар
Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз,
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз.

3.    Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,    Ақсезім
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

4.    Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды    Димаш
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

5.    Алып келді мереке, астық жеміс береке,
Батырлыққа жараса, көбейді той тамаша,    Арнұр
Ән салады өзен, тал құрақ, шашу болды жапырақ.

6.    Берекесін сыйлауға, өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға, шақырады біздерді.    Данияр

Жүргізуші:  Ән салыңдар күліңдер
                    Жайнап гүлдей жүріңдер
                    Күздің тойын тойлайық
                    Би билейік, ойнайық.

Ән: « Күзге сәлем» қабыл алыңыздар! Орындайтын хор.

Күз ханшайымы:  - Рахмет, балалар. Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейік.

Қыркүйек:   Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан
                    Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен    Қадыржан
                    Бірінші қыркүйек, білімге бастады
                    Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды.

Қазан:      Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты
                 Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп    Әкежан
                 Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы.

Қараша:   Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық
                  Қараша өрледі, қараша ән салып
                  Күн суытып барады, малдар қолға қарады    Нұрасыл
                  Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз.

Жүргізуші:   Кездескен соң күзімен,
                      Бұтағынан үзілді.
                     Ай жапырақ-сары алтын
                     Айналанын бәрі алтын.

Кезегімізді әнге берейік. Шайкамал Маликаның орындауында
         «Жау-жау жаңбыр»  әнің қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:   Әсем әуен салдырған
                     Сәбилер де алғыр жан
                     Бал дәуреннің қызығын
                      Есте қалар балдырған.
Кезегімізді  өлең шумақтарға берейік.
                   1.Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
                     Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді    Бақдаулет
                     Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
                    Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

                 2. Күздің қазан айында, алма,алмұрт піседі
                    Жапырақтар сарғайып, сыбдыр- сыбдыр етеді,     Абылайхан
                    Күн суытып, жапырақтар түседі.
                    Астық жеміс жиылды, жомарт екен күз декен.

                 3. Сарғайды тоғай, сап-сары манай
                     Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып    Инабат
                    Жапырақ ұшты, суық та түсті
                     Сонда да бізге,қызық көп күзде.   

                  4. Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.
                      Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды.     Думан
                    Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.

    5.  Жаздай күткен бәріміз,  Сары алтын,сары күз,
        алтын ұя бақшада, сабақ бастар шағымыз,
        көк аспаның мөлдіреп, алтын күнім елжіреп    Қ.Дильназ
       асыр салып жүре бер, сары көйлегің желбіреп. 

Жүргізуші:  Табиғат-Ана ғой.Тағдыр ғой күз деген.
                    Тыныштық бұзылма, үмітті үзбеген.
Азамат, Қайыржан, Бақдаулеттің орындауларында «Қыздар-ай»-әнің тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін,
                    Мақтанбақшы сіздергі, жемістер, көкөністер сан түрлі.
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар оқиды.

1.    Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.    Алихан
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

2.    Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрган ол мен қызанақ    Диляра
Күнге қарап ұялып.

3.    Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз    Азамат
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.

4.    Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.    Димаш
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

5.    Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме    Ақерке
Ісіп кетер маңдайым.

6.    Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай    Ақсезім
Менің атым құлпынай.

7.    Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,    Бақдаулет
Қараса егер салғырт кім.

8.    Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін    Ақпейіл
Тамағыңа сүйегім.

9.    Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп     Арайлым
менің атым өрік.

10.    Көктеп ерте шырмалып,
Әсем мен бүр жарып    Қайыржан
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі су арып.

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.(Ойын «Көкөністерді ажырат» )
Жүргізуші: --Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті,жылдам.
Балалар өз тақпақтарын айтамыз дейді.

1.    Өнім үйіп тастадық
Оқуды да бастадық    Дильназ
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.

2.    Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    Бекжан
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

3.    Көк майсалы көрікті, алқаптағы көпегін
Бұл күндері киіпті , сары жібек көйлегін,    Малика
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ,
Ой алақай тамаша, шашу шашты жапырақ.

4.    Күн шуаққа маужырап, жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ
Әй алақай тамаша, шашу шашты жапырақ.    Нұрдаулет
 Бақтың іші алаша, аунар ма едім жатып ап.

5.    Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.    Ақерке
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.

6.    Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.    Алихан
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.
Жүргізуші: «Жомарт күз» әнің бүлдіршіндердің орындауында қабыл алыңыздар

Жүргізуші:    Бүлдіршінмен бәріміз,
                      Отбасындай бір ұямыз
                      Береміз ендеше 
                      Би өнеріне кезегін.
   Ортада бір топ бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық.

Жүргізуші:  Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
                    Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз.

Бүлдіршіндеріміздің орындауында « Ақ бидай» әнің қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:  Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз,  аналары тіккен күздік киім үлгілерін  көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2013» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
          «  Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
            Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: сценарий балабақшада | Просмотров: 22027 | Добавил: Admin | Рейтинг: 3.0/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]