Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » 1 - желтоқсан тұңғыш президент күні
14:40
1 - желтоқсан тұңғыш президент күні

1 - желтоқсан тұңғыш президент күні сценарий балабақшада

 

Дайындағандар: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Мейіргүл Ержанқызы Қожанова, Айгерим Кусмановна Абеуова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы. 

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
1-ші Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
2-ші Жүргізуші: Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!
1-ші: Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз. 
2-ші Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық. 
Әнұран айтылады.
1-ші: Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-ші Жүргізуші: Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 
1-ші: Жүргізуші: 
 «Көбелектер» тобының орындауында ән «Отаным».
2-ші Жүргізуші: 
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
 «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады. 
Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
1-ші: Жүргізуші: 
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.
«Гүлдер» тобының орындауында «Қазақстан» әні.
2-ші Жүргізуші: 
Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
1-ші: Жүргізуші: 
Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен, 
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, 
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
-    Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік пе?
-    Иә!
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
    1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?
    2. Біздің Елбасымыз кім?
    3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
    4. Біздің тіліміз қандай?
    5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады?
(Балалар сөзжұмбақты шешеді).
2-ші Жүргізуші: «Көбелектер» тобының орындауында ән - «Ағатайым-ай!».
1-ші: Жүргізуші: 
Нұрсылтанға рух берген - кәрі тарих парағы.
Дара шыңы қазақтың,
Дана басып тудың, халық – алыптан.
Топырағы ол туған жердің киелі.
2-ші Жүргізуші: 
Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.
-    Балалар, бүгінгі сабағымызды «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқтайық.
Ән: «Жаса, Қазақстан!»
1-ші: Жүргізуші: Балалар, Елбасы күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: сценарий балабақшада | Просмотров: 20327 | Добавил: Admin | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]