Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 28 » Біздің балабақшада балабақшадағы тәрбие сағаты
18:37
Біздің балабақшада балабақшадағы тәрбие сағаты

Біздің балабақшада

 

Білім беру саласы: «Қатынас». 
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Біздің балабақшада»
Мақсаты: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту; Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Таныстыру,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Қолданатын көрнекі құралдар:хрестоматия, суреттер,қақпақтар, жіптер. 
Билингвалдық компонент: балабақша-детский сад.
Әрекет кезеңдері    Педагогтің іс-әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы    Шаттық шеңбері
Балабақшам менің
Жаңа қадам жасадым
Қош болып тұр,бесігім
Мен қуанып ашамын
Балабақша есігін
    Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды. 

Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.
Іздену-  ұйымдастырушы


    -Балалар, бүгінгі біз сүйікті бақшамыз туралы ой-пікірімізді ортаға слайық.
-Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма?
-Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасындар. Сондықтан «Балабақша –өз үйіміз» деп айта аламыз.
- Қазір мен сендерге Мұзафар Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақшада» деген өлеңін оқып берейін.
     Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл-екінші үйіміз,
Бір тұғанбыз бәріміз,
Біз-осы үйдің ғүліміз,
Біз-осы үйдің сәніміз.
Сұрақ – жауап
-Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған?
-Сендерге балабақша несімен ұнайды?     Сұраққа жауап береді

Балалар өлең жолдарын мұқият тыңдайды
Балалар бірге қайталап жаттайды

    Балардың жауабын тыңдап, қортындылау.
-Дұрыс айтасындар. Біз күні бойы балабақшада боламыз, бұл-біздің екінші үйіміз, біз осы балабақшаның гүліміз, сәніміз.
Сергіту сәті (әуенмен орындалады)
Кел балақан, балақан 
Шапалақта алақан:
Жай-жай-жай!
Қозғап барлық денені 
Қолды қатты соқ енді: 
Сарт-сарт-сарт!
Тықылдатып таяқты,
Ақырын бас аяқты:    
Балалардың түсінігі, ойлары.

Қимыл жасайды.
Рефлексивті-коррекциялаушы     «Балабақша ауласын безендіру»
        Сурет бойынша әңгімелеу.
1.    Сүйікті ойыншығыңның суретін сал.
-Балалар, осы тыныштық сәтінде нені сезіндіңдер?
-Нені елестеттіңдер?
-Қандай күйде болдыңдар?
Сызба бойынша тақпақ жаттау:
Қар,мұз еріп, 
Су көбейіп, 
Бүршік шашып
Жапырақ ашып, 
Бәйшешектер басады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады? 
Оқу іс-әрекетін қортындылау.
Бір шаңырақ астында
Тату – тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
       Бірге сайран құрамыз.    

.Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды

Күтілетін нәтиже:
Біледі: балабақшадағы сыйластық, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын
Игереді:балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын.
Меңгереді: өзара сыйласуды, бір-бірімен тіл табысуды.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 42 | Добавил: oldtraford7 | Теги: тәрбие сағаты, балабақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]