Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Балапандарын ерткен қаз
20:15
Балапандарын ерткен қаз

Күні:
Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Балапандарын ерткен қаз 
Мақсаты:      1.Балаларға ермексазды пайдаланып, балапандарын ерткен қазды мүсіндеп үйрету.
2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:   Мазмұнды сурет.
Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Жұмбақ:              Қоңыр мамық шапаны,
                              Жұқа жарғақ табаны.
                              Өр кеудесі қайқаңдап,
                              Жүретін кім байпаңдап?    (Қаз)
-Балалар бүгін біз ермексаздан балапандарын ерткен қазды    
 мүсіндеп үйренеміз! 
V Жаңа сабақ           
 
            Қаздың мүсіндеу жолын көрсетіп,түсіндіру.
1.    Қоңыр түсті ермексазды домалақ қылып айналдырып,денесін жасап аламыз.Біржақ шетін үшкірлеп ұзартып мойны мен басын шығарып аламыз. 
           2.Қара ермексаздан көзін,мұрынын жасаймыз.
           3.Қызыл ермексаздан тұмсығын,аяқтарын жасаймыз.                           
  Сол жолмен кішірейтіп балапандарын жасаймыз.

Сергіту сәті:     Қуыр-қуыр қуырмаш
                           Балапанға бидай шаш
                           Әй-әй балақай 
                          Жамандықтан қаш
VI Пысықтау
 -Балалар қаздың түрі қандай болады ?
-Ол қайда өмір сүреді ?
-Қаздың адамдарға пайдасы қандай?
VII Бекіту
           Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен балапандарын ерткен қаздың   мүсінін жасайды.

VIII Бағалау
            Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 250 | Добавил: Admin | Теги: балабақшадағы ашық сабақтар, Балапандарын ерткен қаз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]