Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Бала болашағының негізі- ұлттық тәрбиеде
22:07
Бала болашағының негізі- ұлттық тәрбиеде

                              Бала болашағының негізі- ұлттық тәрбиеде. 
        Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде мектепке дейінгі мекемеде атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің балабақша атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақшаға ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
       Біздің  елімізде бала ерекше халық. Ерекше болатыны сәби алғаш дүниеге келгеннен бастап, айналасын ерекше шаттыққа, ерекше сезімге  бөлейді. Күнделікті өсіп келе жатқан баланың әр қылығы ата-ана үшін қуаныш, бақыт.
             Ата-аналар А.С.Макаренконың“Балаларды тәрбиелеу–біздің өміріміздегі ең жауапты сала.  Дұрыс тәрбиелеу–бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу–бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл ел алдындағы айыбымыз” – деген пікірінің мағынасын түсінуі тиіс. Сондықтан әр отбасында ата-ана өз баласының инабатты, тәрбиелі де  әдепті, адамгершілігі зор азамат болып өсуі үшін, ұлттық тәрбие бере білуі керек.
      Әр ата-ана баласының  денсаулығы мықты , ержүрек, қайсар,батыл болып өсуіне жауапты.
       Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың: «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек», – дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін ат салысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы, балаларға  салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші –балабақшада болғандықтан, ата-ана мен балабақша, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе екені баршамызға аян.
     Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды». Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы», – деген екен. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ та, түгесу мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері бала кезден, бұла кезеңнен бастау алмаса, кейін өте қиынға соғатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.
        Сондықтан да,  халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жал¬ғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын кеңінен ұйымдастыра білуіміз керек. 
Адам баласы дүниеге келгеннен бастап, үнемі салт-дәстүр аясында өседі. Сол себептен «Бал Ерке»балабақшасында  ұйымдастырылған тәрбие жұмыстары осы негізге бағытталған..Топ бөлмелеріне Ұлттық бұрыш ұйымдастырдық.Бала күнделікті ұлттық бұрыштағы заттарды көре отырып, өз ұлтының ұлттық жиһаздарына көзі қанық болады. Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктерде де ұлттық салт дәстүр насихатталады.Ұлттық тәрбиенің өзі күнделікті  барлық оқу іс-әрекетінде баланың бойына сіңе бастайды. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы, балаларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек.
Баланың жас ерекшелігіне сай ауыз әдебиеті үлгілерін  пайдаланамыз.Түрлі тек қазақ ертегілері,жаңылтпаштар, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер,тыйым сөздер,жұмбақтардың  мағынасы да ұлттық тәрбие беруге бағытталуы тиіс деп міндеттелген болатын. Дене тәрбиесі оқу іс әрекетінде де түрлі ұлттық ойындар ойнатамыз.Ән оқу іс-әрекетінде ұлттық аспаптармен таныстырылады. 
        Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу тәрбиешілердің ата-аналармен жүйелі түрде  қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Ата-аналармен байланыс жоспарында  ұлттық тәрбие туралы   іс –шаралар жоспарлаймыз. Атап айтар болсақ , ата-аналар арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті.Ата-аналардың ұлттық тәрбие туралы білімін көтеру мақсатында «Балаға ұлттық тәрбие беру жолдары»тақырыбында пікір алысу өткізілді.Жылда өткізілетін  Тіл мерекесінде де ұжым арасында ұлттық тәрбие беруге байланысты байқау өте тартысты өтті.Осы өтілген байқау туралы мақала газет бетіне жарияланды. 
Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін, ең алдымен ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрімізді,әдеп –ғұрпымызды,дін мен ділімізді , ана тілімізді,мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай отырып,келешек ұрпақты осы асыл қазыналарымыз арқылы тәрбиелеу-кезек күттірмес міндеттердің бірі.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы жобалар | Просмотров: 430 | Добавил: Admin | Теги: Бала болашағының негізі- ұлттық тәр, балабақшадағы жобалар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]