Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Аспан әлеміне саяхат
21:57
Аспан әлеміне саяхат

Технологиялық карта
Күні:    19.11.14                    Тәрбиеші:    Нугманова Қ.Қ.
Тақырыбы:  « Аспан әлеміне саяхат».
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу әрекеті: Дене тәрбиесі
Мақсаты: Саптізбекте жұптасып жүру мен жүгіруді, ирелеңдеп салынған жіп бойымен жүруді, төрт адымдап екпінмен қос аяқпен жоғарыға секіруді үйрету.
Қажетті құралдар: Аспан әлемі бейнесі- ай, жұлдыздар,зымыран бейнесі, үнтаспа,отырғыштар, жіп.
Әдіс- тәсілдер: Ой қозғау, түсіндіру,қимыл-жаттығуларды көрсету,сұрақ,жауап, ойын.
Билингвальді компонент: зымыран-ракета.

Қызмет кезендері    
Педагогтің басқару 
іс-қимылдары    
Балалар қызметі

 1 кезең
уәждік-түрткі болу


    Ой қозғау: 
-    Балалар, біз бүгін аспан әлеміне  саяхат жасаймыз.
-    Аспан әлеміне бару үшін неге мінеміз?
 Билингвизм:                      зымыран дегеніміз орыс тілінде ракета деп аталады.
-    Зымыранға мініп бару үшін, біздің денеміз шыныққан, батыл,білімді болуымыз керек. Сондықтан денемізді шынықтыру үшін бірнеше жаттығулар жасалық. 

Зымыранға.

Зымыран-ракета.

          2 кезең
проблемалық- ізденістік    Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:
1.    Кіріспе: 
-    Аяқ ұшымен жеңіл жүру, жүгіру.
-    Өкшемен жүру.
-    Оң жақпен, сол жақпен секіру.
-    Жай жүру.

2.    Жалпы дамыту жаттығулары: ( отырғыш үстінде)
Балаларға жан-жақты дамыту жаттығуларын көрсетіп, түсіндіру  (5-6 рет )
-    Б.қ: аяқ бірге, қол төменде. Қолды алға созу, жоғары көтеру, жанына созу б.қкелу.
-    Б.қ:сол қалпы. Қол белде. 
         Басты оңға,солға кезек бұру.
         Б.қ келу.
       - Б.қ: сол қалпы. Қолды
         отырғыш  артына ұстау.
        Аяқты  алға созу. Б.қ. келу.
-    Б.қ: отырғыш жанында тұру. 
Аяқты алшақ қою,қол жоғарыда,оңға,солға тербелу.
Б.қ келу.
-    Б.қ: отырғыш  жанында секіру.

-Өте жақсы. Біз енді аспан әлеміне ұшуға әзірміз,солай емес пе?   
Тренинг: қолымыз төменде,көзіміз жұмулы,қозғалмаймыз.
        5.4.3.2.1 ұштық.
-    Міне, келіп те жеттік. Қане, орнымыздан тұралық.Зымыраннан шығалық, нелерді көріп тұрмыз?

Тосын сый: « Жұлдызшы » келеді.
Жұлдызшы : Амансыңдар ма, балаларым?
  -Сәлематсыз ба?
  Жұлдызшы : Қайдан келесіңдер?
  - Біз «Райхан» балабақшасының «Толағай» тобынан аспан әлемін тамашалауға келеміз.
Жұлдызшы: Ендеше, менің бірнеше тапсырмам бар, соны орындарсыңдар, кім де кім жақсы орындаса, сол балаға сыйлығым бар.
Негізгі қимылдар: 
1.    Саптізбекте жұптасып жүру,жүгіру.
2.    Ирелеңдеп салынған жіп бойымен жүру.
3.    Төрт адымдап екпінмен қос аяқпен жоғарыға секіру.
 Жұлдызшы: Менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар,ризамын. Ал енді ойын ойналық. 
Ойын аты: «Кім мерген?»
 Шарты: 5 кегл қойылып, доппен атып түсіру.   (Жұлдызшы мадақтап,жұлдызшалар таратады, қоштасады).
-    Балалар,Жұлдызшы атаның тапсырмаларын орындадық,ойында ойнадық.Енді зымыранымызға отырып,балабақшаға қайталық.Ұшуға әзірміз бе? 
-    5.4.3.2.1.
    

 Тәрбиеші белгісімен бір қатарға тұрады,жүру,баяу жүгіру кезеңдерінен өтеді.Өкшемен жүру,оң жақпен, сол жақпен секіруді орындайды.

Жан-жақты дамыту жаттығуларын тәрбиешінің белгісімен орындайды.Әр жаттығуды өз мөлшерімен
 4-5 реттен  жасайды.

Қолдарын төмен ұстап,көздері жұмулы,қозғалмай тұрады.

Ай,жұлдыздарды.

Амандасады.

Негізгі қимылдарды тәрбиешінің белгісімен орындайды.

имылды ойынды қызығып,жүгіріп ойнайды.

Әзірміз.
3 кезең
рефлексті-түзетімдеуші

 Балалар қызметінің нәтижелерін талдау
     
   Бір қатарға тұрып жәй жүріп,жүгіру. Еркін тыныс алу жаттығуларын көрсету.
    

  Қатармен жүреді, жүгіреді. Тыныс алу жаттығуларын орындайды.

 

Күтілетін нәтиже:
Білуі:Дене жаттығуларын жасауға қызығушылығы артып,жүгіру,секіру,тепе теңдікті сақтайды.
Меңгеруі: барлық жаттығуларды,қимылдарды жақсы меңгереді.
Жасай білуі: Өз еркімен қимылдайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 383 | Добавил: Admin | Теги: Аспан әлеміне саяхат, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]