Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Ана деп ән саламын
21:10
Ана деп ән саламын

Ашық тәрбие сағаты
Пәні: Ән - саз
Ақжігіт балабақшасы МКҚК
Пән мұғалімі: Ерболатова Сәуле
Ересектер тобы.
Тақырыбы: «Ана!» деп ән саламын.
Мақсаты:  Балаларға «Ана» туралы әндер үйрету. Ананы құрметтеуге шақыру. Орындаушылық шеберлігін шыңдау. Эстетикалық тәрбие беру. Мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Көрнекілігі: Безендірілген сахна, ортаға шардан гүл жасау, открытка жасау, гүл жасап ілу, шар, жалауша ілу.

Жүрісі: 
Жүргізуші: 
-    Армысыздар аяулы ұстаздар мен патша көңіл көрермендер! Бүгін көктемнің шуақты күндерінде біздің елде үлкен мереке. Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдірген, раушан гүлдей хош иісті, айнадай таза, сәуледей жарқыраған, маржандай тізілген тісті сымбатты арулар! Көктем мерекелеріңіз құтты болсын!
 
-    Анашым менің қандайсың
Өзің сондай балдайсың
Әр сөзіңнен нәр алам,
Маған бақыт арнайсың
Сізге алғыс көп менде
Гүлдей жайсаң көктемде
Еркелеймін шаттана
Сен бетімнен сүйгенде
Қасымдасың үнемі
Күн күлімдеп күледі
Аналардың әрқашан
«Біз» деп соғар жүрегі. 
Хор: «Айналайын мама» 

Жүргізуші:  Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Аяулы аналар сіздердің көңілдеріңіз әрқашан шат, жүздеріңіз жарқын дендеріңіз сау болғанын тілейміз. Сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар!
Тақпақтар:
Жүргізуші:  Ынтықсың сен маған
                     Асыл үніңмен
                     Қуантайын мама
                     Әсем биіммен – деп алдарыңызда кіші топ бүлдіршіндерінің «Балапандар» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:  Мамам менің ақ мамам
                      Менсіз таңы атпаған
                      Менсіз  күні батпаған
                      Мен ұйықтамай жатпаған
                      Мамам менің ақ мамам – деп алдарыңызда орта және кіші топ балаларының «Екеуміз әйбат баламыз» атты әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:   Балаларға ой беретін
                      Шабытына бой беретін
                      Оятатын санасын
                       Байқататын мамасын – деп ортаңғы топ балаларының өнерін тамашалаңыздар.
Би: «Қарлығаш» 
Жүргізуші:  Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын қане тауып көрейік. 
І – жұмбақ.                                                             ІІ - жұмбақ
Аймалайды күнім деп,                                         Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (Ана)
Мейірімді жүзі күлімдеп
Тәтті ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп
Ол кім? (Әже)

Жүргізуші:   Асылым менің анашым
                      Аялап күнде баласын
                        Ақылын айтып жүреді
                        Біз үшін өмір сүреді – деп үлкен топ балалары аяулы аналарына арнап «Аяулы анашым» әнін шырқайды. Қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:  Қымбатты ата – аналар кезекті ойынға береміз. Ойын: «Ойын өз балаңды тап!» деп аталады. Әрбір ана көздері байлаулы болса да өз баласын тауып алу керек. Қазір шеңбер болып тұрамыз, ортаға бір ана шығады. Көзін байлаймыз өз баласын табуы тиіс. (музыка жіберіледі)

Жүргізуші:  Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам). Олай болса ортаға үлкен топтың биші қыздарын шақырамыз. «Бипыл» биін тамашалаңыздар!

Жүргізуші:  Балалар, ендігі ойынымыз сендерге арналады. Ортаға 3 бала шығады. Ойынның  аты «Сыйлық сыйла, анаңа» деп аталады. 2 минут уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде қажетті құралдармен сыйлық жасап алдына апару. (музыка жіберіледі. Естияр топ балалары поровоз болып аналарына сыйлық жасайды).
Сұрақ:
Не тәтті? Ананың сүті
Не қатты? Атаның жүрегі
Не жұмсақ? Ананың алақаны
Жүргізуші: 
«Адал бол, деп балдырған»                                                        Данасың сен,
Әділдікке баулыған                                                                     Дарасың сен
Жүрегінде – махаббат,                                                                Анажан аңсаған,
Тілегінде – мархабат                                                                   Арналды ән саған
Анамызға мың алғыс!
Бүгінгі меркеде бүлдіршіндеріміз өздерінің аналарына арнаған жылы – жылы лебіздерін білдірді. Аяулы аналар! Мерекелеріңіз мәңгілік болсын. Сіздергі әлемдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрқашан аман болыңыздар!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 235 | Добавил: Admin | Теги: Ана деп ән саламын, балабақшадағы ертеңгіліктер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]