Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Алтын күз
21:08
Алтын күз

Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Жаңажол НЖББМ
Ермеккалиева Данагул Жумабаевна
Тәрбиеші
Тақырыбы  :   Алтын  күз
Сахнаға мерекелік ертеңгіліктің  жүргізушілері  шығады.
1.    Жүргізуші .   Күз  қандай  керемет мезгіл ! Қазан  толып , еңбегінің жемісін  көріп ,  адамзаттың  нағыз  той  тойлар шағы  емес пе ?
2.    Жүргізуші.   Иә  , пішен  шабылып ,астық орылып  , мал  жайлаудан ,түскеннен соң ,шаруанының  реттелгеніне  қуанған  халқымыз  күзде  сабан  той жасап жаипаушы  ма  еді ?
1 .Жүргізуші : - Дұрыс айтасың !Сол  ізгі  дәстүр біздің шағын орталықтада    жалғасын   тауып  жатыр.
2.Жүргізуші : - Олай болса жұртты тойға шақырайық !
         - Армысыздар , ағайын , қош  келдіңіздер!
                        Күн суытып  ,  ызғарланып ,
                        Аңызақта қаңбақ жүр .
                      Сабан тойды бастаңдар да ,
                        Алтын күзді таң  қалдыр!
1 . Жүргізуші :Тыныш  ,тыныш балалар !  мен бір дыбыс естіп  тұрмын .Біреу асығып  келе жатқан   сияқты.
/Есік  ашылып , орманшы  атай   кіреді/
Орманшы  атай :  Мен  ормандағы  жеміс  жидектерді   ағаштарды   күзетемін.  Балалар сендерге орманнан көптеген жұмбақтар , ойындар  әкелдім. Ал,  қане бәрің   тыңдандар да шешуін бірге ойланыңдар.
Жұмбақтар шешу
       Алтын  ,сары , қызыл, көк,
Алуан ,алуан жапырақ,
Күзгі  бақта  күлімдеп 
Көз  тартады атырап.
Ән : « Біз   өмірдің  гүліміз »Хор
Орманшы  атай :  Балалар , сендер әнді жақсы айтады екенсіңдер  келіңдер «Түрлі   түсті  жапырақтар »ойының  ойнайық.
Ойын  «Түрлі  түсті   жапырақтар»
1 .Жүргізуші :
Орманшы атай, сіз  кереметсіз ! Жақсы  ойын  ойлап  тауыпсыз . Айтыңызшы ,  күз   ханшайымы   қайда?
Орманшы  атай :  Ойынға  беріліп кетіппін  ғой , қалайша ұмыттым . Қазір келіп  қалар
2.Жүргізуш : Жарайды , олай болса күз ханшайымы  келгеншетақпақ айтайық.
Тақпақтар
Би :  Құспан Назира
 1 . Жүргізуші :Балалар,  тынышталыңдарестисіңдерме , біреу  есікті  қағып тұр.
2.Жүргізуші :  Міне , Алтын күз ханшайымы  қонаққа  келді.
Күз  ханшайымы :   Сәлеметсіңдер  ме , балалар ! Мен  күз  ханшайымымын  сендермен кездескеніме  қуаныштымын.
1 . Жүргізуші: Сәлеметсіз  бе , Күз  ханшайымы!  Төрлетіңіз!
Күз  ханшайымы :    Міне күткендеріңе  өте  қуаныштымын
2.Жүргізуші :  Күз  ханшайымы  біздің бүлдіршіндеріміздің сізге арнап көрсететін өнерлері бар соны тамашалайық.
Күз  ханшайымы :   балалар  сендердің өнерлеріңді тамашаламай  тұрып,мен  сендерге  тапсырмалар алып  келіп  едім тапсырмамды орындайсыңдар ма?
Тапсырмалар
1 . Жүргізуші:
Біз  кішкентай  балдырған 
Сескенбейміз  жаңбырдан
Төбемізде  қол  шатыр
Алдымызда  жол жатыр
Би: ортаңғы  топ  қыздары.
Орманшы  атай :  Күзханшайымы,  қыздар биді билейді екен . Ал  енді ұлдар би білмей ме ,  деп қалдым .
Күз  ханшайымы :   Жоқ , атай ұлдардың биін мен талай көргенмін .Олар  нағыз шабандоздар .Қане ұлдар ,бидің сәнін  келтірейік.
Ата- аналармен  ойын :  «Құстың ұясы»
2.Жүргізуш і:  Күзгі сән үлгісі /  қыздар/

Орманшы  атай :  Балалар   ,сендерге   алғысымды білдіремін . Бәріміз  бірге көңілді ойындар  ойнадық , ән айтық , би билегендерің ұнады. Біздің орманға  қайтатын уақытымыз келді.

Күз  ханшайымы :   Сендерге әкелген сыйлығымыз бар. Себетке салынған жемістер   таратылды

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы мерекелік іс-шаралар | Просмотров: 466 | Добавил: Admin | Теги: балабақшадағы ашық сабақтар, Алтын күз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]