Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 19.11.2018

Алгебра 7 сынып дайын үй жұмыстары (ДҮЖ)

 

Алгебра 7 - сынып А.Әбілқасымова

Алгебра 7 - сынып

 

Авторлары: А.Е. Әбілқасымова,  Т.П. Кучер, В.Е, Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова.  

 

"Мектеп" баспасы 2017

     

      7 - сыныпта сендер алғашқы рет алгебра пәнімен танысасыңдар. Дайын үй жұмыстары (ДҮЖ) оқу құралы - алгебралық есептердің шешу жолдары мен формулаларынан тұрады. Егерде сабақтың басынан есепті қалай шығару керектігін түсінбей қалсаңдар, болашақта қиын болады. Сол себепті дайын үй жұмыстары оқу құралын қолданып, еш қиналмастан есептерді шығарыңдар.

      Ойлан, дайын жауаптарды көшірерден бұрын, оны өз бетіңше шығарып және оны бірінші тексеріп ал! Қай жерде қай формула қолданғанын есте сақтап отырыңдар. Нәтижесінде сен ол есептерді қалай шешу керектігін есте сақтап, алда қайта кездескенде еркін, еш қиындықсыз шығара аласыңдар. Өз бетінше есептің жауабын шығара алмасаңдар, дайын үй жұмыстары оқу құралын қолданыңдар! Бұл оқу құралында барлық есептердің және өзіңді тексеруге арналған жаттығулардың жауаптары ұсынылған.

      Оқу құралын қолдану – ол мектептегі достарыңнан көшіру емес! Алда алгебралық есептерді шешуде қиындықтар болмас үшін, әрбір есептермен мысалдарды шешу жолдарын мұқият, зер салып оқу керек. Сонда үй жұмыстары, бақылау жұмыстары және сабақ барысындағы есептерді шешуде еш қиындық болмайды.