Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 21.10.2018

Алгебра 9 сынып дайын үй жұмыстары А.Әбілқасымова

 

Алгебра 9 - сынып

Авторлары: А.Әбілқасымова,  В.Корчевски,  З. Жұмағұлова

 

       

      Мұғалімдердің және ата – ананың негізгі міндеттерінің бірі ол балаларының оқу үлгерімін бақылап отыру, бірақ-та әрқашан бақылап, көмектесі мүмкін емес, әсіресе бұл нақты ғылымдар болса. А.Әбілқасымованың 9 сыныпқа арналған алгебра пәніне негізделген дайын үй жұмыстары (ДҮЖ) оқу құралы -оқушыларға жаңа тақырыптарды оңай меңгеруге, ата – аналарға балаларының есептерді дұрыс, қатесіз шығарғанын тексеруге көмектеседі.

      Оқушыларға жақсы баға алу үшін тақырыпты зерттеп, логиканы қолданып және формулаларды жаттау керек, бірақ-та кез – келген оқушы бір сабақта ол мағұлматтарды меңгеріп үлгермейді. Түсінбей қалған тақырыптарды немесе есептерді біздің дайын үй жұмыстары оқу құралы арқылы меңгере аласыздар. Себебі мұнда кез – келген деңгейді есептердің жауабын және оның қалай шығару жолдары, түсіндірме нұсқаулықтарды көруге болады және ол тақырыпты меңгеруді айтарлықтай оңай қылады. Осы оқу құралын меңгере отырып, 9 сынып оқушысы теориялық бөлімнен практикалық бөлімге жылдам өте алады және қызықты, түсінікті мысалдар мен анықтамалықтардың көмегімен нақты пәндерді және математикалық анализды ынтамен меңгереді.

      А.Әбілқасымованың 9 сыныпқа арналған алгебра пәніне негізделген дайын үй жұмыстары оқу құралы төрт тараудан тұрады:

  • 1 бөлім: Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері – екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер және теңдеулер жүйесін қолданып мәтінді есептерді шығару қарастырылады;
  • 2 бөлім: Сандар тізбегі – арифметикалық және геометриялық прогрессия есептерін шешу жолдары қарастырылады;
  • 3 бөлім: Тригонометрия элементтері – тригонометриялық функциялар және тепе – теңдіктер, олардың қосындысы, көбейтіндісінің шешу жолдары қарастырылады;
  • 4 бөлім: Ықтималдық теориясының элементтері мен математикалық статистика – ықтималдық теория және математикалық статистиканың негізгі ұғымдары қарастырылады.