Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 14.11.2018

Алгебра 9 сынып дайын үй жұмыстары Шыныбеков А.Н.

 

Алгебра 9 - сынып

Алгебра 9 - сынып Шыныбеков

 

Авторлары: Шыныбеков А.Н.

 

"Атамұра" баспасы 2013

       

       Оқулық жалпы білім беретін мектептердің 9 – сыныбына арналғанымен, оның бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, автордың “Алгебра - 8” оқулығына ұқсас, бұл оқулық та әрі жалпы білім беретін мектептерге, әрі математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптар мен мектептерге арналған. Мұнда да бағдарламаларға енетін материалдар түгел қамтылған. Математиканы тереңдетіп оқытатын сынып бағдарламасына енетін және жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына енбейтін материалдар ерекше (*) белгісімен белгіленген.

       Осыған қоса С тобының есептері де негізінен математиканы тереңдетіп оқытатын сынып оқушыларына лайықталған. Дегенмен бұл материалдарды қабілеті мен біліктілігі жоғары оқушылар сыныптан тыс уақыттарда өз беттерінше оқып үйренулеріне болады. Өйткені математикалық олимпиадаларға және түрлі конкурстарға қатысып, нәтижелі орындарды иемденулері үшін осы материалдарды меңгеру аса қажет.