Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 19.7.2018

Алгебра 8 сынып дайын үй жұмыстары А.Әбілқасымова

 

Алгебра 8 - сынып

Авторлары: А.Әбілқасымова,  З. Жұмағұлова, А. Абдиев, В.Корчевский

       Нақты ғылымдар,жиі, мектеп оқушылары үшін қиындық туғызады. Мұғалімдер кей кездері мағұлматты оқушыларға толығымен жеткізе алмайды, соның салдарынан оқушыларда өздері шеше алмайтын көптеген сұрақтар кездеседі. Бұл жағдайда А.Әбілқасымованың алгебра пәні бойынша құрылған дайын үй жұмыстары (ДҮЖ) оқу құралы көмекке келеді. Кітапта жаттығулардың жауаптары теориямен қатар түсіндіріледі. Бұл жаттығуды шешудің логикасын түсінуге және болашақта осы сұрақтарға ұқсас сұрақтарды еш қиындықсыз шешуге мүмкіндік береді.

       Оқу құралында аса қиын деп саналатын жаттығуларды шешу жолдары көрсетілген және оны меңгере алған оқушы, сабақ барысында мұғалімнің сұрақтарына еркін жауап бере алады. 8 сыныптың алгебра пәні бойынша дайын үй жұмысы оқулығы, кейбір ата - аналардың ойлағанындай тек көшіруге арналмаған, керісінше жаттығуларды тереңірек зерттеуге және тиімді шешу жолдарын көрсетуге бағытталған. Сондықтан, осы оқу құралын әрбір оқушы қолдануға тиісті – біреулері аса қиын жаттығуларды шешуге, ал басқалары күнделікті жаңа тақырыптарды терең түсінуге.