Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 12.12.2018

Алгебра 10 сынып (қоғ-гум) дайын үй жұмыстары А.Әбілқасымова

 

Алгебра 10 - сынып (қоғ-гум)

Авторлары:  А.Е. Әбілқасымова, З.А. Жұмағұлова, К.Д. Шойынбеков, М.И. Есенова

(Қоғамдық - гуманитарлық бағыт)

       

      Құрметті оқушылар!

      Ұсынылып отырған оқулық алдыңғы сыныптардағы алгебра курсының жалғасы және математикалық анализдің алғашқы элементтерін оқып үйренудің бастамасы болып табылады. Алгебра және анализ бастамалары пәні элементар және жоғарғы математика арасындағы сабақтастықты қалыптастыру мақсатында мектеп бағдарламасына енгізілген.

      Бұл курста функция ұғымын және оның қасиеттерін, түрлерін, берілу тәсілдерін, графиктері кеңінен қарастырасыңдар. Қарапайым түрлендірулерді қолданып, функциялардың графиктерін салуды үйренесіңдер.

      Тригонометрия формулаларымен, кері тригонометриялық функциялалар ұғымымен және олардың графиктерімен танысып, тригонометриялық теңдеулер мен олардың жүйелерін және тригонометриялық теңсіздіктерді шешу дағдысын меңгересіңдер.

       Осы жаңа тақырыптарды игеру барысында туындайтын қиындықтарды шешуге дайын үй жұмыстары (ДҮЖ) оқу құралы көмекке келеді. Онда есептердің қалай шешу керектігі және мысалдар мен формулалар көрсетіледі. Сондықтан жаңа оқу жылынынан еш қорықпай, жаңа тақырыптарды қызыға меңгеріңдер!

 

 

Жалғасы күн сайын шығарылып отырады ...